В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Albina7890
Albina7890
20.05.2020 00:42 •  Қазақ тiлi

Көмектесіңдерші! Өте керек өтінем!!​

Показать ответ
Ответ:
rusalochka1999p08s2t
rusalochka1999p08s2t
16.02.2022 13:15
  тұтынушылар арасында киім таңдауға қатысты ерекше үрдіс пайда болды. заманның ағымына қарай жастармен қатар аға буын өкілдерінің де белгілі бір брендке сұранысының өсуі аңғарылады. олардың бір ғана өндірушінің тауарына таңдау жасауының сыры  неде екен? бір ғажабы, ол үшін бұйымның түр-түсі, ыңғайлылығы, жарасымдылығы, бағасы маңызды емес. тек өзі қалаған бренд болса бас-көз жоқ сатып алуға құмбыл.          әуелі бренд дегеннің не екенін түсініп алайық. ол сауда маркасы ма, әлде жаңа технология ма? тауар, немесе қызмет түрі ме? қазіргі кезде бренд болып табылмайтындар кемде-кем. дегенмен, кез-келген ұйым, мекеме, музыка, кино, кітап, телеарна, бағдарлама да бренд болып есептелгенімен, оның көбісінің шын мәніндегі сапалық деңгейі, тұтынушы сұранысына ие болуы күмән келтіреді.          қаладағы әл-фараби сауда орталығында сатушы болып жұмыс істейтін құрбымның әңгімесі мені еріксіз таң қалдырды. сауда орталығына келген  тұтынушылардың басым бөлігі әдетте «zara», «dkny» немесе «cнanel» фирмасының көйлегін, аяқ киімін немесе сөмкесін сұрайды екен. егер аталған өндірушілердің тауары болмаса, өзгесіне көңіл аудармайтын көрінеді.осы болады 
0,0(0 оценок)
Ответ:
alexandrsub67p08sqm
alexandrsub67p08sqm
21.05.2023 17:29

Барысы: 
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 

Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)

1-жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы: Рахмет Сая.

2-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі. 

1-жүргізуші: 
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме 
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой-қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота