В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
annet5530
annet5530
19.03.2023 17:55 •  Қазақ тiлi

Көмектесіндерші лайк басам


Көмектесіндерші лайк басам

Показать ответ
Ответ:
Ника12040000
Ника12040000
16.09.2020 19:48
Менің атам! Мен ес білгелі атамды ойымнан бір елі шығарған емеспін. Әлі күнге шейін айтып отырады 4 жасымда "Ата мен сенің балаң болам, сенің қасыңа жатамын деп" келгенімді. Менің туып өскен ауылым Арыс ауданы, "Көкжиде" деген ауыл. Біздің ауылдың кәсібі басқа көпшілік ауыл сияқты негізінен ауылшаруашылығымен айналысады. Соның ішінде мал шаруашылығы мен бақша дақылдарын өндіру. Мал шаруашылығы жыл бойына жүретін болса, бақша дақылдарын өсіру науқанында жүргізіледі. Біздің отбасымыз да өзгелер сияқты мал ұстаймыз, мемлекеттің берген жекеменшік жерімізге қауын, қарбыз, жүгері, қызанақ сияқты дақылдарды өсіріп, өндіреміз. Мен мектеп оқып жүрген кезімде есімде үйде торы атымыз болатын. Жазғы демалыста Атам торы атқа арба жегіп, мені отырғызып егістік басына алып кететін. Күнімен кетпен шауып, бір тынбайды. Кеш түскен соң ауылға жиналамыз. Үйдегі сиырларға деп, қамыс орып, оны жақсылап арбаға артып, сусып түсіп қалмас үшін арқанмен тартып байлап, үстіне көрпеше төсеп, мені жатқызып қоятын. Сосын қайт ауылға, ат арбаның үстінде, табиға аясында. Кейде ұйықтап қалатынмын жол үстінде. Кейде, ұйықтап кетіп, арбаның үстінен ауып кете жаздайтын кездер болады. Сол үшін Атам үнемі маған "Арыштан, а, Арыштан" деп артына қарайлап отыратын. (мені атам еркелетіп, "Дәңгіл", "Арыштан" деп атайтын).
Үйге атамның замандас, құрдастары келіп тұратын. Ауылдағы шалдардың әдеті, кішкентай бала көрсе "әй, жаман неме, кімнің баласысың" деп сұрайды. Менде жұлып алғандай айқайлап, "Атамның баласымын!" деп тұра қалам. Атам үлкендер келгенде "Ассалаумағалейкум!" деп сәлем бер деп үйретіп қойған. Қонақ келе қалса "Ассалаумағалейкум!" деп шыға келетін едім. Ондай кезде үлкен шалдар мәз болып қалады. "Өркенің өссін балам," "Дәу жігіт бол", "Азамат бол" деп қауқылдасып қалады. Ауылда кейде свет өшіп қалады. Кешке үйде бәріміз жиналып кешкі асты шамның жарығымен ішеміз. Ондай кезде атам бізге ертегі, өзінің басынан өткен қызықты оқиғалар туралы айтып береді. Атам мені кішкентайымнан үлкен балдарша қарап, ерте есеюіме көп септігін тигізді және солай тәрбиеледі. Өзі көп қыдыра бермейтін адам. егер бір жаққа баратын болса, мені ертіп алатын.
Атам кітапті көп оқыған, үйдегі кішігірім кітапхана соның айғағы. "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті" сияқты газеттерге жазылып, әр санын үзбей оқып отыратын. Сондықтанда шығар, кейбір консерватор шалдар сияқты емес, жаңа заманның жаңалықтарынан хабардар бола отырып, бізге "Оқыңдар, айналайын" деп үнемі айтудан жалыққан емес. Мен кітап оқуды 6-шы сынып оқып жүрген кезімде бастадым. Ең алғаш оқыған кітап авторы есімде жоқ, "Ағаш ат" деген. Одан кейін үйдегі жинақталған кітаптарды оқып бастадым. Кейде бір кітапты ұзақ оқып жүргенімді байқаған атам "тұрақсыз адам екенсің, тыңғылықты оқысай" дейтін. (Ол кезде жақсы екенмін, бастысы кітап оқушы едім, қазірше алтын уақыттың бәріп бекерге сарп етіп).
Осылай, ақырындап ержеттік. Білім қуып, қалаға оқуға кеттік, енді осы жақта тұрақтап жатқан жайымыз бар. Атамды қатты сағынамын. Аз демалысымды пайдаланып ауылыма барып тұрамын. "Балапан қанат қағып, ұядан ұшты деген осы" деп Атам барған сайын айтып отырады. Қазір атамның жасы 85 ке келді. Мен 25 ке жетіп қалсам да ол кісінің алдында өзімді әлі, кішкентай бала сезінемін. Еркелеп, мойнына асылып, ойнағым келеді. Бірақ қазір бұрынғыдай денсаулық қайда, ол қазір менің көмегіме мұқтаж. Өмірдің түрлі ауыртпашылықтарын көрген Атам, өзінің намысқойлығы мен еңбекқорлығы арқасында мойымай осы күнге жетіп отыр. Келесі жазбамда тағы толықтырып өтемін!  
0,0(0 оценок)
Ответ:
Marina4578
Marina4578
01.02.2020 16:59
 Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке баланың  бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.         Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.         Ата-асқар тау,         Ана – бауырдағы бұлақ,         Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Отбасы –  баланың  тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі.         Ата-аналары балаларын өнегелі сөзімен,жеке басының тәрбиесімен тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш,еліктегіш келеді.Әр бала сипағанды, жылы сөйлегенді,аяғанды,еркелеткенді,ертегі әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады.Бұл-баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиет. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән.Өйткені бала сезімі пәк.Отбасы тәрбиесі бойынша әлеуметтік педагогикалық тұрғыда ата-аналардың мақсат міндеттері туралы баяндай отырып,отбасында ағартушылардың көзқарастары  тәрбие туралы, әлеуметтік мәселерді шешудің қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік құралдарды қолдана білу ретінде қолданудың мүмкіндігін көрсету болып табылады.Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауап кершіліктің жүктелетін көрсетеді. Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға  және еңбекке деген құрметСол сияқты қасиеттер баланың кішкентай кезінен отбасында және балабақшада қаланады.Сондықтан отбасындағы, балабақшадағы және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.            
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота