Көмектесіңіздерші өтінемін
«Менің тілім қандай тіл?» тақырыбында эссе жаз.
Эссе жазуға қойылатын талаптар:
• Нақты айқындалған
кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
бөлімнен құрылуы шарт.
Тақырыптан ауытқымаған дұрыс.
Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет.
Өмірмен байланыс болы тиіс.
Өзіндік тың пікірлер келтіру керек.
Баяндау стилі нақты болуы шарт.
Теңеу мен метафораны ұтымды қолдану қажет.
Көлемі – 150 сөз.
Ауыл туралы шағын шығарма.
«Ауылым – алтын бесігім» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі әркімге өзінің туып – өскен жері қымбат. Менің кіндік қаным тамып, ер жеткен жерім – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы.
«Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,
Қазақтың он ғасырлық өмір салты.
Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,
Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы.» - деп жырға қосқандай, Жаңаарқа өлкесі тұнып тұрған қазақилық пен салт – дәстүрді ұстанатын өлке. Бұл өлкеден елімізге танымал қаншама ақындар мен әншілер шыққан.
Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...
Ауылдағы тіршілік қаладағыдан мүлдем ерекше. Дегенмен, ауылдың ауасы таза, шөбі шүйгін, тамағы табиғи.
Соңғы жылдары ауыл мәселесі республикалық деңгейде қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Осының арқасында ауылымыз одан сайын көркейіп, гүлдене түсетініне сенімдіміз, себебі ауылдың гүлденгені – еліміздің гүлденгені деп ойлаймын.
Тиін туралы.
Тиін қолға тез үйретілетін жануарлардың бірі саналады.
Тиін тамақты үйдің қуысынан іздейтіндіктен адамға жақын жерлерде өмір сүреді.
Әдетте тиіндер епті, өте жылдам әрі жеңіл қимылдайтын, жақсы өрмелеп, талдан талға оңай секіретін жануарлар.
Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады.
Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады.
Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының қарағайлы ормандарын мекендейді.