Сыйлық беру сыйлық алған кездегідей адамды бақытқа, қуанышқа бөлейтін ерекше керемет бір амал. Сыйлық алғанда да бергенде де мән берілетін жағдайлар бар: Сыйлық берерде қарсыңдағы адамға оның талғамын ойлай жүріп таңдағаныңды білдіру керек. Сыйлықты күлімдеп шын жүректен беру керек. Бағасы жазылған этикеткасын алып тастау керек. Өзіңде бар болған нәрсе алып келсе де *менде мұндай бар еді* деп қарсыңдағыны қиын жағдайға түсірмеу керек. Басқа біреу арқылы жіберетін сыйлыққа бір қағазға өз атыңды білдіріп бір-екі жылы сөз жазып жіберу керек. Жалпыға бірдей қағида: Ешқашан қарсыңдағының бюджетінен асатын өте қымбат сыйлықтарды таңдамау керек. Сыйлық тікелей өзіңе берілген болса да, пакетті міндетті түрде әкелген адамның көзінше ашып, рахмет айту керек. Сыйлық біреу арқылы жіберілген болса телефон шалып, рахмет айту керек.
Жіктеу
Жекеше (ед.ч)
Мен оқушымын Мен мұғаліммін
Сен оқушысың Сен мұғалімсің
Сіз оқушысыз Сіз мұғалімсіз
Ол оқушы Ол мұғалім
Көпше (мн.ч.)
Біз оқушымыз Біз мұғалімбіз
Сендер оқушысыңдар Сендер мұғалімсіңдер
Сіздер оқушысыздар Сіздер мұғалімсіздер
Олар оқушылар Олар мұғалімдер
Септеу
Атау септік (кім?) оқушы мұғалім
Ілік септік (кімнің?) оқушының мұғалімнің
Барыс септік (кімге?) оқушыға мұғалімге
Табыс септік (кімді?) оқушыны мұғалімді
Жатыс септік (кімде?) оқушыда мұғалімде
Шығыс септік (кімнен?) оқушыдан мұғалімнен
Көмектес септік (кіммен?) оқушымен мұғаліммен
Объяснение: