Объяснение:Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.

Аю – денесі үлкен, икемсіз ірі жыртқыш. Түрлеріне қарай ақ аю, қоңыр аю болып бөлінеді.
Мақат – еркек аю.
Кірекей, мердек – ұрғашы аю.
Қонжық, апанақ – аюдың төлі
Арыстан – мысық тұқымдас ең ірі жыртқыш
Теңбілше, абдан – арыстанның күшігі
Қаншыр - ұрғашы арыстан
Ызақор – еркек арыстан
Жолбарыс – мысық тұқымдас, жолақ терілі ірі жыртқыш
Шері – жолбарыс
Өлекшін – ұрғашы жолбарыс
Сарымақ,шөнжік – жолбарыстың күшігі
Барыс – мысық тұқымдас, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, шұбар түсті аң
Ілбіс – барыстың екінші бір атауы
Таутан – ұрғашы барыс
Алан –барыстың күшігі
Қасқыр – ит тұқымдас жыртқыш, бөрі, күрт (көне атау)
Арлан – ірі, күшті қасқыр
Қаншық, құртқа, шұлан – ұрғашы қасқыр
Бөлтірік – қасқырдың қарақұлақтанған күшігі
Бірішек, абадан –еркек, көсем қасқыр
Көксерек – жас қасқырдың ең мықтысы
Қорқау,көрбан – нағыз жыртқыш қасқыр
Бөрі – серекқұлақ қасқыр
Шіл бөрі – қасқырдың азғыны
Шибөрі – итке ұқсайтын қызыл түсті, тоғайлы, қамысты жерде мекендейтін шағын тұрықты қасқыр
Шоғал – қорқау қасқыр
Көкжал,атайы – арыстай үлкен ызақор қасқыр
Көкшұлан – арлан, көкжал
Майтабан – семіз қасқыр
Түлкі – құйрығы ұзын, терісі бағалы ит тұқымдас айлалы аң. Бұлақ құйрық, ақшулан, әккі сайқал, ін сақтағыш, қара үйек, қырқылжың арлан деп те аталады.
Алтай қызыл – қан қызыл түсті түлкі
Қарамалжын –күміс қара түсті түлкі
Мыршық, қаншық, қанжыр, жәутік – ұрғашы түлкі
Жаутаң, мыртот, түлкішек – түлкінің күшігі
Сілеусін – мысық тектес ірі жыртқыш
Ілбиін – ұрғашы сілеусін
Інсін – сілеусіннің күшігі
Қарсақ – түлкі тұқымдас жыртқыш Күзен – сусар тұқымдас терісі бағалы аң
Объяснение:
осы жырткыш ан ал шөп қоректіге шөп житін жануарларды жазасн