Көп ұлт өкілдері Қазақстанға қалай және қашан келді? Ол туралы «Жерұйық» фильмінде жақсы айтылған. Фильмнің режиссері – Сламбек Тәуекел. Сценарийдің авторлары: Сламбек
Тәуекел мен Сон Лаврентий. Бұл фильм тарихи оқиға бойынша жасалған. Фильмде Сон
Лаврентий өзінің балалық шағы туралы айтады.
Фильм қазақ жеріне кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд, т.б. ұлт өкілдерінің жер аударылып
келгенін көрсетеді. Қарны аш, киімдері жұқа, жыртық, кір адамдарға қазақ халқы көмектесті.
Фильм «Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп» деген сөздермен басталады. Бұл сөздер –
Абай Құнанбайұлының сөздері. Фильмнің басты кейіпкері – Орынбай. Ол – парасатты қазақ
азаматының типтік бейнесі. Барша қазақ халқының бауырмалдығы, жомарттығы, адалдығы осы
бейне арқылы көрінеді. Рөлді белгілі актер Болат Әбділманов шеберлікпен сомдаған.
Бұл фильм– қазір Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің қазақ
халқына деген шынайы алғысының белгісі.
Мәтінде қандай сөздер мен сөз тіркестері жиі қайталанады?
Мәтінге лайық тақырыпты көрсет:
А) С. Лаврентийдің фильмі
В) Қазақстан
С) Қазақстандағы ұлттар достастығы
Мәтінде қандай мәселе көтерілген деп ойлайсың?
Сен «Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тату және дос» деген пікірге қосыласың ба? Неге
олай ойлайсың?
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.