Көп нүктенің орнына ыңғайлас немесе қарсылықты жалғаулықтарды қойып жазыңыз. 1)Тәуелсіздік жолында халқымыз біраз тарихты бастан өткізді ... азаттық жолындағы сан ғасырлық армандарымызды ақиқатқа айналдырды.
2) Ұлы - ғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, балалар жазған ұлы тарихы … ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым - ұлы халық!
3) Біздің буын жаңа тарихқа «Қазақстан Республикасы» деген атпен аяқ басты … жас мемлекетті әлемнің төріне оздырды.
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Жамбыл Жабаев туралы шығарма.
«Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» деп жырлаған қазақ халық поэзиясының алыбы, біртуар дара тұлға, өлең сөздің дүлділі, жыршы, жырау, ақын Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысында Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1946 жылы ақпан айында дүниеге келген. Екі ғасырдың куәсы болған ұлы жыршы жоқшылықта өмір сүрген. Есін білген соң әкесі оны ауыл молдаларына сауатын ашуға оқуға берген екен, бірақ молдалардың өзіне көрсеткен қорлықтарына шыдай алмаған Жамбыл оқуын тастап кетеді. Дегенмен, жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
Жастайынан домбыра үйреніп, ақын болуды армандайды. Тіпті, ежелгі дәстүр бойынша Сүйінбай ақынға барып сөзін сынатып, оның батасын алған. «Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлейтін сыйынбай» деп өзі жырлағандай, Сүйінбайды үлгі тұтқан, ұстаз санаған.
Жамбыл өзінің ақындық өнерін көбінесе айтыстар үстінде көрсете білді. Жамбылдың айтысында ру мүдделерінен гөрі халық мүдделері тереңірек көтеріледі.
Екі ғасыр куасы болып, жүз жасаған, сағы сынбаған, ұлы дала жыршысы атанған бұл өміршең халық жыршысы қазақ қоғамында ешқашан өшпейді.