Көп нүктенің орныны керекті сөздерді қойып,толықтырыңдар. 1. Бұл жолдың басым бөлігі мен Қазақстан жерінің өтті.
2. Отырар алқабына астам кішкентай кіретін.
3. Ұлы Жібек Жолы – жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен елдеріне беттеген керуен жолы.
4. Бүгінгі таңда көне әлемдік орталығына айналды.х
Көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Болмысты әсерлеп, өрнектеп бейнелеу құралы, яғни "Әдебиеттің ең бірінші элементі" (М.Горький). Көркем сөз әдебиет негізін құрап отыратын мәңгілік мұра. Көркем сөздің кадірі мен құдіретіне арналған қазақ халқының талай даналық ойлары, мақалдары мен мәтелдері бар ("Өнер алды - қызыл тіл", "Сөз тапқанға қолқа жок", "Сөз тұземегенді тез түземейді", "Жүйелі сөз - киелі", т.б.). Ұлы ақын Абай: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы", "Кестенің бізі, өткірдің жүзі, Өрнегін сендей сала алмас" деп, Көркем сөз кұдіретін жоғары бағалаған. Акын-жазушылар асыл сөздің сол сиқырлы сырын ашып, әдеби шығармалардың коркемдігін арттырады, тіл байлығын молайтып отырады. Олар осы бейнелеу құралының дәлдігі мен айқындылығына, мөлдірлігі мен тереңдігіне, қарапайымдылығы мен өрнектілігіне ерекше көңіл бөлген.
«Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады» - деген халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы.
Жер бетіндегі кез келген халықтың мәңгілік болып қалуы - ұлттық тілінің сақталып қалуы болып табылады.
Осыдан тура 30 жыл бұрын, яғни 22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін егемендік алған соң 1995 жылғы Ата заңымыздың 7 бабына сай «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» болып айқындалды.
Әрі қарай - 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолдануының құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгеленген болатын.