Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығарм. жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Мектепте Эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланысты. Ол адамды рухани байытып, көркем-шығарм. қабілетін дамытуға ықпал етуге тиісті. Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі бастау қайнар көз дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаїандану дәуіріндегі рухани азғындау қаупінен сақтанатын бірден-бір жол.[1]