В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
CailiVinchisiter
CailiVinchisiter
26.08.2022 16:21 •  Қазақ тiлi

көркем әдебиеттен немесе оқулықтан 5есімді сөз тіркесін, 5етістікті сөз тіркесін табу керек​

Показать ответ
Ответ:
агм2
агм2
05.10.2020 06:18

Объяснение:

Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sstresseddoutt
sstresseddoutt
01.11.2022 07:22

1984 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын жақсы нәтижемен бітірген Қ.Рахымбайқызы сол жылы жолдамамен Екібастұз қаласының қалалық ауруханасында алғашқы еңбек жолын бастайды.

«Мол көмірі және электр энергиясымен сол кездегі Кеңестер одағына әйгілі Екібастұз қаласының экономикалық қуаты ерекше еді, бұл қаланың әлеуметтік жағдайынан да айқын байқалатын. Қалалық аурухананың дәрігерлері одақтас республикалардың медицина орталықтарында болып, үнемі білімін толықтырып отыратын, осы мүмкіндіктер менің де білімім мен тәжірибемді арттыруға көп септігін тигізді. Қалалық ауруханада еңбек еткен 7-8 жылда мен Ресейдің, Украинаның және Балтық елдерінің үлкен қалаларында болып, ондағы медицинаның озық үлгілерімен таныстым, тәжірибе жинадым. Істей жүріп, үйрену, үйрене жүріп істеу адамды кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі десек, менің жас кезім дәл осындай ерекше мүмкіндіктермен тұспа-тұс келді»,– деп Қорлан өзінің кәсібіне сонау жас кезінің өзінде-ақ төселе түскенін байқатты.

Ол 1992 жылы жұмысын Текеліге ауыстырғаны болмаса, мұнда да сол мамандығымен еңбек етті, қазір «Дружба» шағын-ауданында учаскелік дәрігер. Қызметі туралы ол: «Тоқсаныншы жылдардағы қиыншылық кезінде көптеген адамдар басқа жаққа қоныс аударып, аталған шағынауданда тек 2 учаскелік дәрігер қызмет етті. Қазір 4 учаскелік дәрігер бар, 3-і терапия, 1-і балаларды да, үлкендерді де қарайтын дәрігер. Бұрын бір дәрігерге бір медбике көмектессе, қазір әрбір дәрігердің екіден көмекші медбикесі бар, жұмыстың да салмағы арта түскен. Қазір екі учаскеге қызмет көрсетемін, ұзын саны 4700-ге тарта адам бар. Күніне 5 сағат емханада науқастарды қабылдаймын, қалған уақытта кестеге сай учаскемдегі науқастарды аралап, жағдайына қарай ем-дом жасаймын. Айта кетерлігі, медбикелерсіз дәрігерлер қанатсыз құс секілді, дәрігерлер бағыт-бағдар береді, ал бар жұмысты медбикелер еңсереді. Солардың қатарында Светлана Ксенофонтова, Ғалия Таубаева, Ақмарал Берімова, Зарина Бобровская, Александра Коваленколар бар», – деді.  

Моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасы Текелінің екінші тынысын ашты. Қалада жаңа өндіріс орындары іске қосылып, тұрғындардың саны артуда. Экономикалық өсім халықтың әлеуметтік жағдайына оңды ықпал етуде. Қазір қалалық аурухана мен емхананың шарт-жағдайы үздіксіз жақсару үстінде.

Бұл жайында Қорлан былай деді: «Қаламыздың емдеу саласы бүгінгі талаптарға жауап береді. Материалдық, техникалық мүмкіндігі кемелдене түсуде, қызмет көрсету де үздіксіз жақсаруда. Қазір адамдар ауруханаға келмей-ақ, телефон немесе ғалам-тор арқылы дәрігерге көрінуге тіркеле алады. Қызмет телефондары мен электрондық мекенжай қалалық газетте жарияланып тұрады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен 2006 жылдан бастап тұрғындарды тегін скринингтен өткізу жолға қойылған. Мұның ауруды ерте анықтап, адамдардың денсаулығын сақтауда алатын орны ерекше. Жыл басынан бері қарамағымдағы учаскеден жоғары қан қысымымен 22, қант диабетімен 6, сүт безі қатерлі ісігінің белгілерімен 12, ішек ауларымен 2, көз қан қысымымен 1 адам анықталып, емделуде. Сондай-ақ, биылдан бастап 65 жастан жоғары тұрғындарды тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша профилактикалық тексеруден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Міне, осының бәрі Елбасы Жолдауындағы тапсырмаға сай жоғары сапалы медициналық көмек және саламатты өмір ұстанымын қолдау арқылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 80 жасқа жеткізу тапсырмасын жүзеге асыру жолындағаы нақты қадамдар».    

Дәрігерлердің бос уақыты жайында Қорлан: «Учаскелік дәрігерлер күнделікті қызметінің сыртында айына 2-3 рет жедел жәрдеммен кезекшілікке шығады. Сонымен бірге, әрбір дәрігерге айына 10 күн қаладан ұзап шықпау тапсырмасы беріледі. Яғни, осы мезгіл ішінде кез келген уақыттағы шақыруға сақадай-сай болуы керек. Науқас адамды тексеру, оның ауруы жайында егжей-тегжейлі сұрап-білу, соған сай ем дайындаумен бірге әрбір науқас адамға қатысты барлық ақпаратты қағаз жүзінде талап бойынша әртүрлі бағдарламаға сәйкес электронды түрде уақытылы сақтап, базаға жолдап отыру – айтуға ғана оңай. Сондықтан да, бізде бос уақыт жоқ дерлік».              

Дәрігер отбасында өмірге келген ң екеуі осы жолды таңдаған. Қорлан – үйдің үлкені. Еншісіне бұйырған дерігерлік міндетін мінсіз атқара жүріп тәрбиелеген екі қызының үлкені Тоғжан жоғары білімді Англиядан алса, кішісі Лейла – Азаматтық авиация акедемиясының түлегі.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота