Көру диктанты Қабыршақты - Көшім өзенінің екінші атауы.
Қабыршақты өзендегі су бақаларының
қабыршақтарына байланысты қалыптасқан. Олар
түлеген кезде ескі қабыр-шақтарынан арылады,
өзен жағасы осындай қабыршақтарға толы
болғандықтан Қабыршақты атанған.
Қабыршақты өзені Бірқазан көліне құяды.
Көл маңайын жағалай қамыс пен қоға, судан
қашықтаған сайын - ащышөп, иттабан, жыңғыл,
бұзаубас, ақ жусан, ақселеу мен бетеге өскен.
Көшім каналы арқылы төрт су қоймасына
құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді
суаруға пайдаланылады. Көшім каналы осы облыс
еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі.
Отызыншы жылдары елімізде техникалық
құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл
каналды қолмен қазған.
Диктантты дәптерге көшіріп жазып,
тапсырмаларды орындаймыз.
Тапсырма:
1. Бес дара етістіктерді теріп жаз.
2. Қазған сөзін үш шаққа айналдырып жаз.
Тобылғы (Спіраеа) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық бұта. Қазақстандағы далалы, таулы жерлерде өсетін 10 түрі бар.Биіктігі 15 – 200 см. Сабағы түзу. Жапырағы қауырсын тәрізденіп тілімделген, жиектері ара тісті иректелген немесе бүтін болады. Гүлі қс жынысты, аталығының саны 10, аналығы – 5, ақ түсті, хош иісті. Гүлдері қалқанша, шатырша, сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі – қабаттасқан жапырақша. Тобылғыны әсемдік үшін өсіреді. Балды өсімдік, жақсы мал азығы. Құм тоқтату үшін үй шаруашылығында пайдаланылады.