В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
JolyHolf1488
JolyHolf1488
05.12.2020 01:47 •  Қазақ тiлi

Кәсіби оқытудың тәсілдері ​

Показать ответ
Ответ:
Kristina238485
Kristina238485
06.02.2021 22:08

Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы бір ізділікпен іс - әрекет жасайтын инженер – педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр – сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.

Дидактикалық міндетерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс - әрекет қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн.

Іс - әрекет – бұл қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі.

Инженерлік психологияда іс - әрекеттің мына түрлері бар:

- пәндік – практикалық;

- пәндік - ойлау;

- практикалық белгілеу;

- ойлау белгілері арқылы.

Пәндік – практикалық іс - әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кәсіпте бұл сипат басты мәңге ие.

Пәндік – ойлау іс - әрекеті, пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып, оны әркез есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады.

Практикалық белгілеу іс - әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер әрекетіне негізделген. (түрлі есептрді шешу, кесте, сұлба бойынша мәліметтер іздестіру, жинақтау т.б).

Ойлау белгілері іс - әрекеті белгілер мен таңбалар жүйесін ойда сақтау қызметін алға қояды. (жадта ұстау, логикалық және есептеу операцияларын есте сақтау, ой жүгірту т.б).

Оқушылардың танымдық іс - әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа бөлінеді:

1. Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы.

2. Іздену (шығырмашылық) арқылы.

Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің, басшылығымен игереді.

Іздену әдістері оқушыларды білізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады.

Ақпарат көздері арқылыоқыту әдістерінтүрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар:

1. Сөйлеу әрекеті арқылы:

- Әңгімелеу;

- Түсіндіру;

- Лекция;

- Сұхбаттасу;

- Оқулық мәтінімен жұмыс;

- Дыбыс жазу таспаларын пайдалану;

- Нұсқау беру;

2. Көрнекілік:

- Демонстрациялау;

- Оқушының өзіндік бақылауы;

3. Практикалық;

- Жаттығу;

- Өндірістік – техникалық есептерді шешу;

- Зертханалық – сарамандық жұмыстар.

 

Кәсіптік оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның жіктелуінде де көптеген пікірлер бар. Сол әдістердің жіктелуінің бірі – осы жоғарыда айтылған әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота