В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
zhanara3109
zhanara3109
01.03.2023 22:18 •  Қазақ тiлi

" кісілігі мол адам" эссе​

Показать ответ
Ответ:
Egor24690
Egor24690
23.02.2023 15:39

Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған)

Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған Пушкинді танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.

0,0(0 оценок)
Ответ:
pikeik
pikeik
21.04.2023 18:42
Тәуелсіздік жылдары  Қазақстанның жаңа мемлекетін  және оның  саяси жүйесін қалыптастыру оңай болған жоқ.  Бұл үрдіс өте қайшылықты, тартысты, қателіктер мен қатерлер арқылы жүргенін ашық айту қажет.

 Қазақстан мемлекеті нысаны мен табиғатын анықтауда ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында еліміздің саяси басшылығы мен интеллектуалдық күштері алдында  аса күрделі міндеттер тұрды.

  Сол тарихи да тағдырлы уақытта  дербес мемлекетті құру ісіндегі төтенше   жауапкершілікті өзіне алған Н. Назарбаев былай деп толғанады: «Қазіргі сарапшылар белгілі бір саяси режим жайында баға бергенде, оның мойнындағы міндеттерді ескермей, баға беруге тырысады. Ол мемлекетті қалыптастыру, бір экономикалық жүйеден екінші бір экономикалық жүйеге көшу, демократиялану процесін дамыту, әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту… Ұлттық жаңару, мемле­кеттікті қалпына келтіру әрдайым оп-оңай жүзеге аса бермейді»  [1, 128 б.].  

Тәуелсіз Қазақстан  мемлекетінің қалыптасу  кезеңі бұрынғы КСРО аумағында саяси, әлеуметтік экономикалық мүдделер мен қатынастардың ерекше шиеленісуі үдерісімен қабаттаса жүрді. Әлеумет­тік топтардың мүдделері мен қажеттерін бұрынғы саяси режим қанағаттандыра алмады. Оның ішіндегі ең өткір, шетін тұрғандары – азаматтардың саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын кеңейту, сөз бостандығы, ұлттар мен этностардың тіл, мәдениет саласындағы сұраныстарын мүмкін­дігін­ше қанағаттандыру, азаматтардың қауіпсіз­дігін нығайтып, азаматтық татулық пен қоғамдық тәр­тіпті нығайту еді. Қазақстанның болашақ мемле­кеттік дамуы туралы берік, сындарлы  тұжырымдама әлі қалыптаспаған еді.

Ол кездегі еліміз алдында тұрған ең күрделі проблема  мемлекетті қалыптастыру еді.  Мемлекет – саяси жүйенің аумақтық, заңды,  жария, егемен, легитимді, құқықты,  жоғары деңгейде  инсти­тут­танған, жалпыға бірдей әмбебап ұйымы. Ол  қоғамның  саяси жүйесінің бір бөлігі бола отырып, мақсатты, жария, ашық, заңды, ел мен халықтың  еге­мендігінің бірден бір көзі, субектісі  және егесі ретін­де қызмет істейді. Мемлекет саяси жүйенің бір бөлігі, ал ол сонымен бірге, оның  барлық кіші жүйе­­лері мен салаларын қамтитын, біріктіретін, заңдар аясында олардың бүкіл қызмет-тіршілігін реттейтін,   олар үшін біртұтас, ажырамас және бөлінбес  ұйым болып табылады.  Ғылыми әдебиетте мемлекеттің не­гізгі аса маңызды, сөзсіз, қоғамдық қатынастар табиғаты мен мүдделеріне жауап беретін және тиімді мемлекет құру мүддесіне сәйкес келетін белгілеріне отандық және шетелдік зерттеушілер дәлел­деуі бойынша мыналар жатады: аумағының; азаматтығы бойынша біріккен халқының; белгілі ішкі және сыртқы функциялары анықталған, бұларда саралап, ауқымы мен міндеттерін  анықтаған, қоғамдық қатынастардың барлық саласын реттеуге қабі­летті, қажетті адами,  материалдық және қаржылық ресурстарға ие тармақталған  басқару аппаратының болуы; халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасы; елдің егемендігін, тұтастығын,  қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армиясының, құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіп­сіздік қызметтері және т.б.) болуы. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота