Қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Қауынды да жаңа піскен күйінде жеңсік ас ретінде қолданады. Жемістері қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептіреді және қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзақ уақыт бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді. Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие. Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады. Жемістерін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларында қолданады және жүрек-қантамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолдану ұсынылады. Ежелден-ақ қауын шырынын ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы қолданады.
Ауыз әдебиетінің кең тараған түрлерінің бірі- батырлар жыры. Батырлар жыры ерлікті дәріптейді, халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалар мен тарихта болған адамдардың ерліктерін баяндайды. Батырлар жырының басты тақырыбы- Отанды сыртқы жаулардан қорғау, өз елінің тәуелсіздігі үшін күресу. Батырлар жырының басты идеясы- ел намысын қорғау,ерлік, батырлық. Батырлар жырының өзіндік ерекшеліктері; басты кейіпкері күшті,оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін, отқа түссе жанбайтын, суға түссе батпайтын ,ел қамын ойлайтын батыр.
Батырлар жырының өзіндік ерекшеліктері; басты кейіпкері күшті,оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін, отқа түссе жанбайтын, суға түссе батпайтын ,ел қамын ойлайтын батыр.