В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Djamkaa0325
Djamkaa0325
30.05.2022 02:30 •  Қазақ тiлi

Көшпелілер деген кімдер? 1. Көшпелілер өркениеті — мал шаруашылығымен айналысатын, белгілі бір қалыптасқан
жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы, өркениеті. Көшпеліліктің
шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық,
табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар, олардың экологиялық
жүйесі қандай? Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау о
бөктері, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдың ылғалдың мөлшері 200-
400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан да кіреді.
2. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге, оның
сырын тануға мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде
жоқ. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірі жайында тарихшылар, философтар, орта ғасыр
ойшылдары тамсана жазды.
Сақтар туралы өзге елдердің зерттеушілерінің құнды жазбалары сақталған. Олар
көшпелілерді «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, әділ, батыр, ұйымшыл халық» деп
бағалады. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф-
сақ тайпаларын мадақтап жазды.
3. Алайда, көшпелілер туралы теріс түсініктер бұрын да, кейін де кездесіп отырды. Көне
Қытайда «көшпелілер - жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуро-
пада да көшпелілерді «тағы, жабайы, өркениеттің жауы» деп есептеді. Себебі сақтар соғыс
өнеріне жетік, жауынгер, батыр, ержүрек халық болды, сондықтан айналасындағы көршілері
олардан қауіптеніп отырды. Ал кеңестік идеология көшпелілер туралы мүлде кері көзқарас
қалыптастырды. Өйткені бұл саясат кез келген халықтың тарихын, дәстүрі мен мәдениетін
жоюды мақсат етті.​

Показать ответ
Ответ:
mainaalikuliev
mainaalikuliev
29.07.2021 01:10

Биздин туган жеримиз - Казакстан.

Объяснение:

Туған жер сыры тауында, шоқыларында,

Туған жер жаққан жастықтың оты жанымда.

Өмірде қандай бақыт бар атамекеннің

Еркелеп келіп аунасам топырағында?!

Даланың сазын желемік күйші пайымдар,

Жұпарлы гүлдер қонаққа иісін дайындар.

Шегірткелердің хорына тербеліп әуре

Маңғаз қарағай қасында биші қайыңдар.

Таң атса шықтың көремін тірлігін жаңа,

Мың күнімнен мұндағы бір күнім дара.

Тұман әукесі салбырап басқанда естимін

Шашбау таққан өзеннің сылдырын ғана.

Бір сәт құлақ сап даланың қоңырауына,

Маздаған мақпал кеште де толы мағына.

Қиялға шомып кетемін қап-қара аспан

Жұлдыздан түйме таққанда омырауына.

Мұхаммед Қонқаев

0,0(0 оценок)
Ответ:
Anrehah
Anrehah
21.04.2022 02:48

1 Ұлы Отан соғысының батырлары туралы

2 Мәтінде жарты миллионнан астам қазақстандық жауынгер қатысқан және «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болған Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың патриотизмі мен ұлттық мақтанышы суреттелген. Бұл Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Алия Молдағұлова және басқалар. Бейсекбаев Бактераз - зениттік оқ атушы, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры, ұшақты жау танктері мен оқ-дәрілер қоймаларына бағыттау арқылы батылдық танытты. Ал 1945 жылы Рейхстагта ту көтерген Рахымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы Халық қаһарманы атағы берілді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота