Ата-бабаларымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Денсаулық мықты болса, а әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болады.Қазіргі таңда таза ауаға шығып, табиғат аясында демалуға көп мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан да ауасы тарылған ортада тыныс алуды үйренген жөн. Күнделікті таңертең оянған бойда төсектен тұрмастан 20 рет терең тыныстау керек, кейін 30-40 минут таза ауада жаяу жүріп, сергіген абзал. Мүмкін болса, таңертең жылы душ қабылдаса игі. Сондай-ақ, таңғы жаттығуларды жасауды ұмытпаңыз.

Берілген тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлей құрастыру.
Қас қаққанша - тез;
Қоян жүрек - қорқақ;
Жүрек жұтқан - батыл;
Бетінен оты шығу - ұялу;
Зым - зия болу - жоқ болу.
Сабақ енді ғана басталған еді, дегенмен қас қаққанша бірінші тоқсанның аяқталуына да аз қалыпты.
Қоян жүрек адам ешқашан батыр бола алмайды.
Мен үлкен ағамды нағыз жүрек жұтқан адам деп айта аламын, себебі ол өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.
Маржан істеген қылығынан бетіне оты шығып, кірерге тесік таппады.
Балалар үйде жалғыз қалса, үйдегі барлық қампит атаулы зым - зия болады.