- Көтерілмейтін тауларың осы ма? Саған жеп-жеңіл көрініп тұр ма?
- Әй, тәйірі-ай... Соны да сөз деп айтып тұрсыңдар-ау. Тау дегенге
таңырқансам, бұл шелектей-ақ ыдыс қой. Он кісі жабылып, қаланы
«њаппалап» бастарыңа көтеріп жүргендерің осы ма? Өздерің шетке
ысырылып, тиейтін шанаңды есік алдына әкеле беріңдер. Әй, әдемі
тұлыптылар, қалбалақтап жүріп, бір жерлеріңді қақтырып аларсыңдар,
кейін қаш!
h
Мынаның сөзі қандай дөрекі! Қожайындарға қалай түйеден түскендей
сөйлейді, - дестi мұртына мұз қатқан жұмысшылар.
Берілген үзіндіден Қажымұқанның бойындағы мінезді, қасиетті көрсетіңіз!
Қайсар мінезді, өзіне сенімді, күшті
Қатал, ауыр мінезді, мақтаншақ
Ашушаң, сабырсыз, мықты
Пысық, жеңілтектеу, дөрекі
А қандай бала? Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін, елгезек, әркез достарына қол ұшын созатын оқушы. Біз досым Дарын екеуміз әрқашан апайлардың айтқанын қалт жібермей ұғып, мұқият тыңдаймыз. Сыныбымызға көмектесуге дайын тұрамыз. Өйткені, бізге ата-анамыз, ұстаздарымыз, тәрбиешілеріміз солай үйреткен. Кез-келген адам білімді болуы мүмкін, тек оны дұрыс мақсатқа жұмсап, елімізге қызмет еткіміз келеді. Оқушылардың жаман әдеттерден аулақ болғаны жөн деп ойлаймын. Нашар қылықтарға үйір болсаң, жақын адамдарыңның көңіліне қаяу түсіресің. Қазіргі таңдағы оқушылар алдына айқын мақсат қойған, әдепті, әділетті, жат қылықтардан аулақ, терең білімді болу керек. Менің достарым сондай оқушылар.
Объяснение:

ZHARAR | kz | Әңгімелер | Атымтай Жомарт әңгімесі — Ыбырай Алтынсарин
Атымтай Жомарт әңгімесі — Ыбырай Алтынсарин
28.03.2016

Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:
– Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.
Жомарт айтты дейдi:
– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.