Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мәтіннің тақырыбы қандай?
2. Мәтінде қандай аспап туралы айтылады?
3. Мәтін авторының идеясы қандай?
4. Мәтін мазмұны бойынша автор домбыраны нелерге теңейді?
1.Домбыра туралы
2.Домбыра
3.Домбыраны насихаттау, келесі ұрпаққа аманат ету
4.Қазақтың жүрегін, ананың сырына, ғашықтардың көз жасына,
Объяснение: