отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі отырарда орналасқан ірі кітапхана. фарабтағы (отырар) кітапхананың негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ әл-фараби қарастырылады
xii ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы сунақ руынан шыққан хисамуддин делінеді. кітапхана ауқымы жағынан тек александрия кітапханасына жол береді. отырар шыңғысхан жорықтарынан кейін жер бетінен тып-типыл етілді, ал кітапхананың кейінгі тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. кітаптардың тағдыры жайлы жазба деректерде айтылмаған. ортағасырлық өзге кітапханалардың тағдыры жайлы аңыздар сияқты отырар кітапханасының кітаптарының айналасында әңгімелер көп. осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. кейбір деректердің хабарлауынша моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптардың жерасты жолдарында сақталуы мүмкін. кейіннен оларды жеті жасар тауып алады делінеді. десе де мұндай жорамалдар нақты дәлелдемелерге негізделмегендіктен ғылымда мойындалмай отыр.
Сақ мәдениеті — ерте темір дәуіріндеҚазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді.