В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
DANIL79NR
DANIL79NR
14.02.2023 03:36 •  Қазақ тiлi

Каз-яз 1 частьс байшешек 24 стр3 задание

Показать ответ
Ответ:
Dan4ik7211
Dan4ik7211
12.07.2020 08:50

ответ:Оқу  - білім азығы, Білім – ырыс қазығы. *** Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. ***  Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. *** Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні ғаріп. ***  Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады. ***  Өмір - үлкен мектеп. ***  Өмірдің өзі - ұлы ұстаз. ***  Жердің сәні - егін, Ердің сәні - білім. ***  Жер - ырыстың кіндігі, Білім - ырыстың тізгіні. ***  Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. ***  Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ. ***  Білімді өлсе, Қағазда аты қалар. Ұста өлсе, Істеген заты қалар. ***  Кітап - алтын қазына. ***  Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. ***  Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. ***  Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп. ***  Ғылым - теңіз, білім - қайық. ***  Алтын алма, білім ал. ***  Ұстаздан шәкірт озар. ***  Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала. ***  Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. ***  Әліппенің ар жағы - білім бағы. ***  Ғылыммен жақын болсаң  , қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. ***  Шәкіртсіз ұста - тұл. ***  Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. ***  Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. ***  Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл. ***  Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. ***  Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.

Толығырақ: https://massaget.kz/maal-mtelder-zhayltpashtar/957

Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
маоия051209
маоия051209
12.05.2023 13:40

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота