Қазақстан – бүкіл қазақ халқының атамекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Қазақ халқы – «тар жол, тайғақ кешудің» сан ғасырларын басынан өткізген алмастай өткір, қайтпас қайсар, батыл ел. Ұлан-байтақ жері мал шаруашылығына қолайлы болғандықтан, төрт түлік малды бағып-қағып, соның өнімін қажетіне жаратып, күн кешкен қарапайым халық. Миллиондаған малымен кең байтақ далада емін-еркін көшіп жүргендіктен болар, қазақ халқы о бастан ақпейіл, жомарт, дарқан болды. Қазақтың өз бетімен басқа елге, халыққа тиіскенін тарих білмейді.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.