1. Кез-келген ғылым саласының басталу, жетілу даму кезеңдері болады. Қазақ тіл білімінің бұғанасы бекіліп, қалыптасқан қай саласын алсақ та, олардың әрқайсысының даму кезеңдері болған. Ғылым салаларының даму барысында оның әдепкі біртұтастық түйдегінің жеке мәселелері бөлшектеліп танылып, сол саланың дербес бөлшегі болып та қалыптасуы мүмкін. Қай ғылымның даму тарихына көз жіберсек те, әдетте олар жоқтан бар болып, тұтас қалпында дүниеге келеді де, соның ілгері даму барысында оның тармақталған салалары пайда болады. Мысалы, химия о баста біртұтас ғылым болса, бұл күнде оның органикалық, органикалық емес, биологиялық, катализ тәрізді бірнеше салалары бар. Сол сияқты тіл білімін, оның бір бөлігі – грамматиканы да ертеде филологтар дәл бүгінгідей саралап жік-жікке бөліп қарастырмайтын. Фонетика да морфология, синтаксис қатарында грамматиканың бір бөлігі деп есептелетін.
2. Қазақ тілінің синтаксис мәселелері ол баста жалпы сөйлем құрылысы арасында қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой көрсетіп, оның жеке мәселелері көптеген ғылыми зерттеулердің объектілері болып, қазір солардың жүйелі тармақтары айқындалып, жасалу, жұмсалу заңдылықтары ашылды. Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем синтаксисінен бөлініп, өз алдына бөлек синтаксис ғылымының бір саласына айналды. Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу тарихымен ұштастыра ұғыныспайынша көп мәселенің байыбына бара алмай қаламыз. Егер орыс тіл білімінде бұл синтаксис ғылымының бірнеше тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз тіркесінің зерттелу тарихы 50-60 жылдан әрі аспайды. Ол қысқа тарихтың тіл біліміне қосары айтарлықтай мол болғанымен, сөз тіркесі синтаксисі енді ғылымдық дербестігіне оқшауланып, бұғанасы қатайып келе жатыр. Қазақ тіл білімі үшін осылай болуының өзі заңды.
3. 1894-1897 жылы орыс тілінде шыққан П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грмматика казак-киргизского языка» деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан А.Казембектің және миссионерлер жазған «Алтай тілінің грамматикаларына» негізделгенмен, онда да фонетика грамматиканың бір бөлігі болып, морфологияны «Этимология» деп атап, оған синтаксис мәселелері де енгізіліп, синтаксиске арналған кітабында морфологияға қатысты мәселелері араластырылады. Бұл еңбек сол кездегі түркітанушылардың тіл мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыруының дәрежесін бүгінгімен салыстырғанда өте төмен екендігін көрсетсе, екінші жағынан, өз заманының қазақ тіл біліміне қосқан үлкен үлесі 1920 жылы А.Байтұрсыновтың «Тіл құралдары» (үш кітап) оқу орындарында оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болуы. Онда грамматикалық атаулар мен дыбыс, буын, сөз сөйлем құрылыстары жайында жүйелі түрде мағлұмат беріледі. Профессор Қ.Жұбанов сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу ертеде өзгеше болғанын дәлелдейді. Профессор С.Аманжолов «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсын» жазды.
Қай ғылымның даму тарихына көз жіберсек те, әдетте олар жоқтан бар болып, тұтас қалпында дүниеге келеді де, соның ілгері даму барысында оның тармақталған салалары пайда болады. Мысалы, химия о баста біртұтас ғылым болса, бұл күнде оның органикалық, органикалық емес, биологиялық, катализ тәрізді бірнеше салалары бар. Сол сияқты тіл білімін, оның бір бөлігі – грамматиканы да ертеде филологтар дәл бүгінгідей саралап жік-жікке бөліп қарастырмайтын. Фонетика да морфология, синтаксис қатарында грамматиканың бір бөлігі деп есептелетін.
2. Қазақ тілінің синтаксис мәселелері ол баста жалпы сөйлем құрылысы арасында қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой көрсетіп, оның жеке мәселелері көптеген ғылыми зерттеулердің объектілері болып, қазір солардың жүйелі тармақтары айқындалып, жасалу, жұмсалу заңдылықтары ашылды. Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем синтаксисінен бөлініп, өз алдына бөлек синтаксис ғылымының бір саласына айналды.
Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу тарихымен ұштастыра ұғыныспайынша көп мәселенің байыбына бара алмай қаламыз. Егер орыс тіл білімінде бұл синтаксис ғылымының бірнеше тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз тіркесінің зерттелу тарихы 50-60 жылдан әрі аспайды. Ол қысқа тарихтың тіл біліміне қосары айтарлықтай мол болғанымен, сөз тіркесі синтаксисі енді ғылымдық дербестігіне оқшауланып, бұғанасы қатайып келе жатыр. Қазақ тіл білімі үшін осылай болуының өзі заңды.
3. 1894-1897 жылы орыс тілінде шыққан П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грмматика казак-киргизского языка» деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан А.Казембектің және миссионерлер жазған «Алтай тілінің грамматикаларына» негізделгенмен, онда да фонетика грамматиканың бір бөлігі болып, морфологияны «Этимология» деп атап, оған синтаксис мәселелері де енгізіліп, синтаксиске арналған кітабында морфологияға қатысты мәселелері араластырылады. Бұл еңбек сол кездегі түркітанушылардың тіл мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыруының дәрежесін бүгінгімен салыстырғанда өте төмен екендігін көрсетсе, екінші жағынан, өз заманының қазақ тіл біліміне қосқан үлкен үлесі 1920 жылы А.Байтұрсыновтың «Тіл құралдары» (үш кітап) оқу орындарында оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болуы. Онда грамматикалық атаулар мен дыбыс, буын, сөз сөйлем құрылыстары жайында жүйелі түрде мағлұмат беріледі.
Профессор Қ.Жұбанов сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу ертеде өзгеше болғанын дәлелдейді. Профессор С.Аманжолов «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсын» жазды.
Объяснение:
Отан — елдің анасы
Ел - ердің анасы
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Жақсының басына іс түссе,
Отбасына білдірмейді.
Жаманның басына іс түссе,
Отбасын күлдірмейді.
***
Елін сүйер сеніңіз,
Өз отбасын сүйе алған.
Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.
Ағаа лдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
Ағадан қалғанды іні киіп өседі,
Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі — көргендерін бойына түйіп өседі.
Аға ініге ұстаз,
Апа сіңліге ұстаз.
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.