В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
dima1107
dima1107
27.10.2020 09:33 •  Қазақ тiлi

Казахский язык 7класс соч​


Казахский язык 7класс соч​

Показать ответ
Ответ:
Noob335
Noob335
15.06.2020 05:51

Әсем қала - Астана.

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.

Жаңа астанамыз қарқынды дамып келеді. Бар болғаны 23 жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен сәулетті ғимараттар бой көтерді, оң өзгерістер қаланы көріктендірді.

Жыл сайын 6 шілдеде қала күні аталып өтіледі. Іс - шараға алыс-жақыннан шетелдік қонақтар да қатысады. Жыл сайын Астана күнін тойлауда мерекелік концерттер өткізіліп, ән шырқалады.

Елорданың бүгінгі тыныс-тіршілігі ешкімді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
daryaavdeeva01
daryaavdeeva01
26.01.2020 17:42

Қазіргі заманда нағыз досты табу өте қиын. Ия, бізбен бірге кафеге немесе киноға баратын адамдар көп, бірақ, қиын кезде қол ұшын соза алатын достарымыз аз. Менің құрдастарым, бір апта бұрын ғана танысқан адамдарды, досым немесе бауырым деп атап жатады. Менің ойымша бұл дұрыс емес, оларды дос ретінде қабылдау үшін, өмірдің сынақтарынан бірге өту керек. Ал, егер сенің жанында, уақытын, ақшасын немесе өмірін құрбан етуге дайын адамын бар болса, шынайы достық деген осы. Бұл өмірдегі өте құнды нәрсе, сондықтан оны қадірлеу керек. Шынайы достық, шынайы махаббат сияқты, сирек кездеседі. Мен үшін достық дегеніміз – бұл адалдық пен сенімділік. Нағыз дос, жолдасына ешқашан опасыздық жасамайды, ол әрқашан оған жанқияр болады. Барлық адам сізден бас тартқанның өзінде, ол сізді ешқашан тастамайды және әрқашан қасыңыздан табылады. Шынайы достар шыншыл болады, жағымпаздық пен екіжүзділікке орын жоқ. Шыңдық ашы болса да, оны жасырмай бетке айтады. Есіңізде болсын: достар – біздің айнамыз. Егер сіз адал болмасаңыз, өз досыңыздан адалдықты күтпеңіз! Достық деген не? Әр адам оны әр қалай түсінеді. Мен үшін – бұл ең алдымен, қиын уақытта көмекке келетін сенімді адамның болуы. Қуанышыма орай, менің осындай жолдасым бар! Сол үшін өзімді бақытты сезінемін! Нағыз досқа сенің әлеуметтік мәртебен маңызды емес, ол сені ренжітпейді және қызғанбайды. Артыннан жаман сөздер айтпайды. Іспен болмаса да, кеңеспен көмектеседі. Әрине, кемшілігі жоқ адам болмайды, олда қателік жасап, жүрекке ауыр тиетін сөздерді айтып қалуы мүмкін. Сондықтан, бір-біріне кешірімді болу керек. Бұл өмірде жалғыз болу қиын екенін барлығы біледі, сондықтан, әр адам өзіне дос іздейді. Біз көбінесе көңілді, мейірімді және жанашыр адамдармен достасуға тырысамыз. Бірақ, аспан әрқашан ашық бола бермейді, көмек керек болған кезде достарымызға жүгінеміз. Міне, осы сәтте, кімнің қандай екенін түсінеміз. Сен мұқтаж болған кезде, сеннен бас тартпаған жолдасыннан ешқашан айырылма! Өйткені, есінде болсын: досты жоғалту оңай, ал табу қиын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота