казахский язык
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым
Қазақстанда демалу неге тиімсіз?
Анекдоттан бастайық.
Дубай. Бес жұлдызды қонақ үй. Қазақстаннан келген екі жолдас кездесіп қалады. Бір- бірін жарылқаған кейіпте хал сұрасқан екеудің пысықтау келгені: «Бурабайда демалатын ақшаң болмады ма?..» - дейді...
Бұл анекдоттан біз шындықты ғана көре аламыз. «Бурабайдағы» белгілі қонақ үйлердің бірінде түнеу үшін кемінде 55 мың теңгеге шығындаласыз. Ал Түркиядағы қымбат қонақ үйде 1 күн өткізу үшін 38 мың теңгеңіз болса жеткілікті. Айырмашылықты анық байқап отырған болуыңыз керек.
Жай ғана кіріс туризмінің классикалық есебін шығарайықшы: Бір шетелдік турист елге күніне 100 доллар шамасында кіріс алып келеді. Ішкі туризмнен де пайда айтарлықтай көп және ішкі туризм сыртқыға қарағанда халық үшін тиімді һәм қауіпсіз.
Иә, бұл - екі маңызды артықшылық. Бірақ неге ел тұрғындары өзіміздің Швейцариямыз - Бурабайға, болмаса өзге де көрікті жерлерге бармай, турагенттіктердің табалдырығын тоздырып, Түркия мен Қытайға жолдама алуға асығады? Айтпақшы, Бурабай ел орталығы Астанадан тым алыс жатқан жоқ. Сол себепті курортқа дейін керемет жол тартылған. Бірақ...
Елдегі туристік орындар туралы мағлұматтарды біз алдымен интернеттен іздей бастаймыз. Міне, олқылығымыз да, кемшілігіміз де осы жерден байқалады. Айтыңызшы, отандық демалыс орындары туралы толық әрі сапалы ақпарат беретін сайтты кездестірдіңіз бе?
Сервистік қызмет, қонақ үй бизнесі туризм саласымен тығыз байланыста. Сондықтан олардың проблемалары да бір: қымбат бағаға нашар қызмет көрсету, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі, т.б. Қазақстандық туристік ұйымдар қауымдастығының өкілі Айдар Кенжеғұловтың пікірінше, қызмет көрсету деңгейі ғана төмен емес, бізде туризммен байланысты кәсіпкерлік жұмыстар да дұрыс жолға қойылмаған...
1 –тапсырма.
Мәтіндегі негізгі ойды 2 сөйлеммен жазыңыз [2]
А)
Б)
2 –тапсырма. Сұраққа қысқа жауап беріңіз.
Қазақстандық туристік ұйымдар қауымдастығы өкілінің пікірін қалай түсінесіз? [1]
3- тапсырма. Мәтін бойынша шетел мен Қазақстан туризмін салыстырыңыз.
Қазақстан туризмі Шетел туризмі
[2]
4 –тапсырма. Отандық туризмнің дамуына не кедергі? Мәтін бойынша екі дұрыс жауапты анықтап, белгісін (+) қойыңыз.
A білікті мамандардың аздығы
B ел брендтері дамымаған
C заңда толық
қарастырылмаған
D Қазақстан жолдары нашар
I маркетинг жетілдірілмеген
F сапалы жарнама жоқ
[ 2]
Жазылым
Берілген үш сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға белгісін (+) қойыңыз. Жазба жұмыстарында себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
[8]
1 □ 2 □ 3 □
1. Жаһандық мәселе: демография
Сіз география пәні бойынша еліміздің демографиялық жағдайын зерттеп жүрсіз. Осы зерттеуіңіз туралы шағын мақала жазыңыз.
2. Роботтар мен киборгтер әлемі
Оқушылар арасындағы мектепішілік олимпиадада «Сіздің ойыңызша, болашақта адам еңбегін роботтар толықтай алмастыра алады ма?» тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Берілген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз.
3. Қазақстандық туризм және экотуризм
Туристік кітапшаға арнап өзіңіз тұратын қала немесе аймақ туралы нұсқаулық мәтінін жазыңыз. Аймақ туралы барынша толық ақпарат беріп, туристерді қызықтыруға тырысыңыз.
Руникалық жазбалардан Тәңірдің қалауымен Түркі мемлекетінің құрылғандығы туралы мәліметтер көп. Жалпы мемлекет Енисей руникасында «Құдай қалауындағы ел» деп аталады. Бұл көне мифологиялық цикл Түркі қағанатының мемлекеттік культінің ажырамас бөлігі. Бүгінгі таңда Орхон жазбаларындағы көне түркілердің мемлекеттігінің және қағандардың дүниеге келу ерекшелігі, Ашина руынан тараған түркілердің тектілігі, жалпы түркі халқының қаһармандығы жан-жақты зерттелген. Руникалық жазбалардағы фрагменттік мәліметтер бойынша көне түркілер мифологиясы – мазмұны жағынан архаикалық болып келеді, атап айтқанда көне түркі мифологиясы тотемді генеологиялық және космогониялық болуымен ерекше екендігі де белгілі. Түркі мифологиясындағы көне түркі мемлекеттігінің пайда болуы туралы миф салыстырмалы түрде элитарлы және сакральды бұқаралық биліктің көрінісі, мифологиялық тұрғыдан жаңа қабатты бейнелейді. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлттық бірегейлік туралы» сөз қозғағанда «халықтың рухының жерұйығы» туралы ой тастайды
Осы шақ
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.
Осы шақтың 2 түрі бар:
1)Ауыспалы осы шақ.
2) Нақ осы шақ.
Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады.
Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” —“Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған.
Өткен шақ
Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.
Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:
1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.
2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”.
3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы.
Келер шақ
Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:
1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.
2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”.
3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.