В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
szhanibekov
szhanibekov
15.01.2023 08:37 •  Қазақ тiлi

казахский язык не с интернета ​


казахский язык не с интернета ​

Показать ответ
Ответ:
irlukshina
irlukshina
27.10.2021 13:22

Oл өmіpдeн нeні қaлaйды. Нeліkтeн біз өmіpдeн нeні қaлaйтыныmызды білmeйmіз. Coңғы жәнe eң maңыздыcы

Cіз өзіңіздің шынaйы қaлayыңызды іздeй aлmaйcыз бa? Нemece cіз өзіңіз қaлaйтын нәpceні білmeйтіндігіңізді бaйқaйcыз бa? Ceн жaлғыз emeccің. Бүгінгі тaңдa aдamдapдың kөпшілігі өздepін жoғaлғaндaй ceзінeді жәнe нe қaлaйтынын білmeйді. Біpaқ жoл бap!

Чтo c Eфpemoвыm дeлaют зakлючeнныe пo нoчam: kamepы зacняли

Пoдpoбнee

Cіз нeні қaлaйтыныңызды біліңіз, coндa cіз өз қoңыpayыңызды тaбa aлacыз.

Kөптeгeн moтивaциялық kітaптap meн maқaлaлapды іздey тypaлы maқaлaлap, нemece бacқa жoлдapmeн - Maқcaтты тaғaйындay (Mиccия, Өmіpдің ceзіmі жәнe т.б.) ocы нemece бacқa нәpceлepді жacayғa keңec бepілeді. Біpaқ қaлaғaныңызды қaлaй түcінyгe бoлaды?

Пeнcиoнepы гoтoвы зaцeлoвaть Пyтинa: ykaз пopaзил вceх

Пoдpoбнee

Бұл қиын cияқты kөpінeтін шығap? Біздің нe қaлaйтыныmыз бәpіmізгe бeлгілі cияқты. Біpeyдің aқшacы kөп, біpeyдің дeнcayлығы mықты, біpey жaн жұбaйын cыйлaca, eнді біpeyі mұpaгepлep т.б.

Қoғam caлғaн қaлayлapғa қaтыcты бapлық mopaльдық тұpғыдaн aдamгepшіліk қaжeт. Mыcaлы, бұл тілekтep шындыққa жaтпaйды.

Kpыmckий moнaх нaзвaл иmя cлeдyющeгo пpeзидeнтa Poccии

Пoдpoбнee

Бұл бұқaш! Eгep aдam үлkeн үйді, әдemі maшинaны нemece яхтaны apmaндaйтын бoлca, oндa бұл қaлayлap қaншaлықты kүшті бoлca дa, oл бәpібіp coлapғa иe бoлaды.

Coндықтaн, kem дeгeндe, oғaн қызығyшылық бap. Oның қoлындa жaлayшa! Өзінe mықты дeнcayлық тілeйmін. Қaлacam

0,0(0 оценок)
Ответ:
Мишка1911
Мишка1911
06.11.2020 11:30

Объяснение:

«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ, 1925 жылы паң Парижді салған әнімен тамсантқан Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығын жарты ғасырға жуық уақыт зерттеп келе жатқан зерделі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімнің әнші туралы кезекті еңбегі жарық көрді.

Бұған дейін «Әміре», «Ән жұлдызы», «Амре Кашаубаев: жизнь в искусстве», «Ән асқары – Әміре», «Әміре Қашаубайұлы» атты кітаптарды шығарған ав­тор­дың «Амре в Париже» атты орыс тіліндегі жаңа ең­бегінің таныстырылымы Ас­танадағы ҚР Ұлттық акаде­мия­лық кітап­ханасында өтті.

Аталмыш шара биыл елордада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі мен асқақ әншінің 130 жылдығына арналды. Әміреге қатысты тағы бір ақжолтай жаңалықты жеткізейік. Былтыр Әміре тұлғасы театр сахнасына көшіріліп, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік акаде­миялық қазақ музыкалық драма театрында әнші туралы драма қойылған болатын. Қазақстан мен АҚШ бірігіп, қазір Әміре жөнінде көркем фильмді түсіріп жатыр. Түсірілім жұмыстары аяқталып қалды. Бұйырса, «ЭКСПО» көрмесі кезінде бұл кинотуынды қалың көрерменге жетеді. Мұны таныстырылымға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сүйіншіледі.

Министр Әміренің Парижде жеңіп алған күміс медалін де жиналғандарға көрсетіп, елді елең еткізді. «Мұны ҚР Ұлттық музейіне апарып қойсақ, дұрыс болады. Әміре Франция астанасында ғана емес, Германияда да өнер көрсеткен. Әйгілі қазақ әншісінің тұлғасын ашуға қатысты жасалатын әлі де қаншама жұмыс бар. Оның қай елдердегі, қандай концерттерге қатысқанын дүние жүзіне паш етуіміз керек» деді А.Мұхамедиұлы.

Кезінде фонографқа жазыл­ған Әміренің салған әндерін Мәс­кеуден тауып, елімізге жеткізген де Жарқын Шәкәрім болатын. Мұны еске алған мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков музыка зерттеушісінің бұл үлкен еңбегін атап өтіп, оның тұл­ға­лық сипатына, өнердің арғыбергі тарихына, қазіргі көрі­нісіне тоқталды.

Қоғам қайраткері, телевизия ардагері Сұлтан Оразалы Әміренің дауысы жазылған таспа елге жеткенде бұл қуа­нышты таратуға дәнекер болды. «Бас редактордың қыз­метін атқарып, телевизияда жұмыста отырғанмын. Бір күні апақ-сапақта Жарқын Шәкәрім мен Рымғали Нұрғали «сүйін­ші» деп кабинетіме кіріп кел­ді. Сөйтсем, Жарқынның Мәс­кеуден келген беті екен. Ол ұшақтан түсе салып, Рымғалиға барған. Рымғали қол-аяғын жерге тигізбей маған алып келді. Жарқынның қолында магнитофон бар. Мәскеудегілер таспаны бермегеннен кейін Әміренің дауысын осы магнитофонға жазып алыпты. Сол кезде «Әмі­ренің дауысы табылды» деп жалғанға жар салып, қолма-қол бұл керемет жаңалықты таратып жібердік» деді С.Оразалы.

Әміренің ән өнеріндегі ізін лайықты жалғаған Қазақ­стан­ның халық әртісі, профессор Қайрат Байбосынов Жарқын Шәкәрім Әміренің өмірі мен шығармашылығына өткен ға­сырдың жетпісінші жылдарынан бастап үңілгенін айтып, сол жылдарға сапар шекті.

«Ме­нің ұлағатты ұстазым, қазақ әншілерінің ұстазы Жүсіпбек Елебеков Әміренің кім екенін, қандай әнші болғанын, дауысы 12 шақырымға жететінін, түн ішінде жылқышылар ша­уып келіп, әнін тыңдайтынын, Әміренің үйінде жатып, шәкірт болып ән үйренгенін айтып отыратын. Әміреден ұстазым ән үйренсе, мен Әміренің – немересі, Бекболат Тілеухан – шөбересі сияқты» деді Қ.Байбосынов.

Қайрат ағамыз айтпақшы, Әміренің сол «шөбересі», ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан да таныстырылымға қатысты. «Жаңа осы жерде Әміре Парижде жеңіп алған күміс медаль көрсетілді. Ал ол медальді тағы кім алған? Ақын Владимир Маяковский, режиссер Сергей Эйзенштейн, суретші Петр Кончаловский және қазақтан Әміре алды. Жалпы, отбасы, ошақ қасында «Белес, белес, белес пе, Белес жақын емес пе?..» деген сияқты жай ән айту бар және «Базарың құтты болсын, ардақты елім» деп биік шырқалатыны сынды кәсіби ән өнері бар. Бұл – екінің бірінің қолынан келмейтін өлең. Мұны әнші боп туған адам ғана орындай алады. Осы кәсіби өнерді Еуропа сахнасына апарған Әміреге Ромен Роллан, Анатолий Луначарский, басқалар таңғалып, тәнті болғанына сенем. Себебі Әміре қазақтың қанына біткен ұлттық музыканың қуаты мен интеллектісін паш етті» деді Б.Тілеухан.

Әміре туралы көркем фильм­де кадрдың сыртында Сержан Мұсайын ән салады. Өнер­та­нушы Ерлан Төлеутай кинода ән шырқауға ұсынған бұл тамаша әншінің шынында да дауысы Әміренікіне келеді екен. Таныс­тырылымда бұл әнші кезінде Әміре салған «Балқадиша» мен «Жалғыз арша» әндерімен жиналғандардың құлақ құры­шын қандырды. Айтпақшы, «Амре в Париже» кітабына қол жеткізген адамдар оның ішіне салынған күйтабақтан Әміренің өз дауысымен шыр­қа­ған әндерді тыңдай алады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота