Казахский язык қос сөз. a) көйлек-көншек. b) ала жаздай. c) қоғамдастық. d) қарапайым. e) тұрақтылық. фразеологиялық тіркестің мағынасы. көзінің ағы мен қарасындай. a) ең атақты. b) ең құрметті. c) ең қымбат. d) ең әдемі. e) ең жақсы. бұрынғы өткен шақта тұрған етістік. a) оқитынсың. b) оқитын. c)
оқитынмын. d) оқығанбыз. e) оқыдыңыз. болымсыз етістік. a) ға саусағыңды шошайтпа. b) қаз – суда жүретін құс. c) орманға барды. d) қыс түсті. e) жабайы аңдар таулы, орманды жерлерде тіршілік етеді. бастауышы сын есімнен, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлем. a) ер қанаты – ат. b) тәуелсіздік –
бүгін мен болашақты жалғайтын алтын көпір. c) жасыл – менің сүйікті түсім. d) тіл – қылыштан өткір. e) ақымақты үйрету - өлгенді тірілту. атаулы сөйлем жасап тұрған сөз табы. «қыс». a) үстеу. b) зат есім. c) шылау. d) есімдік. e) етістік. тура мағынада берілген сөз тіркесі. a) екі жүзді. b) ақ
саусақ. c) жұбын жазбау. d) қара шаш. e) тас жүрек. синоним сөздері бар сөйлем. a) бейнелеу өнері жақсы ған. b) құрманғазының шәкірті, оқушысы дина болды. c) суретші сурет салды. d) бейнелеу өнерінің негізін салушы - ә.қастеев болды. e) қылқалам шебері өте көп. жұрнақтары бар сөздердің қатары. a)
сау, . b) қазақпын, оқушысы. c) әкем, анам. d) сауыншы, . e) көршілер, сабақта. «қайдан, қалай қарай? » сұрағына жауап беретін үстеу түрі. a) мөлшер. b) мақсат. c) мезгіл. d) мекен. e) себеп. мақсат бағыныңқының сұрақтары. a) қалай, қайтіп? b) қай уақытта, қашан? c) не үшін, не мақсатпен? d)
қайтсе де, не етсе де? e) қайтсе, не етсе? сөйлемде берілген фразеологиялық тіркестің синонимі. түнде анасы ойлап, көз ілмеді. a) ренжіді. b) ұйықтамады. c) ұйықтады. d) қуанды. e) сағынды. бастауыш қызметіндегі жалпылау есімдігі. a) ол тапсырманы бәрімізге түсіндірді. b) ға қажеттінің бәрі
жерден шығады. c) мен бәрімен бірге театрға бардым. d) жер – бәріміздің анамыз. e) оқытушы бәрінен бірдей сұрады. қайраттың өзі туралы айтқан пікірі a) «осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет». b) «болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес
пе? » c) «әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? » d) «менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен». e) «не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын –
мен». шығармадағы негізгі ой қай кейіпкердің пікірінде екендігін анықтаңыз. a) ғылымның сөзінде. b) ақылдың сөзінде. c) бастың сөзінде. d) жүректің сөзінде. e) қайраттың сөзінде. автордың ойынша қасиетті деген қандай екенін анықтаңыз a) дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз
табуға болатындығын түсінетін . b) аш кедейдің жайын ойламай, арын таза ұстайтын . c) жақсылыққа елжіреп ерімейтін, жаманшылықтан жиренбейтін d) өзгеге пайдасы мол, залалы жоқ, күшін орынды іске жұмсайтын, орынсыз істен бойын аулақ ұстайтын . e) пайданы іздеп, залалдан қаша алмайтын, ғылымды игере
алмайтын . мәтіннің тақырыбына сай келетін мақал-мәтел a) бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан. b) досы көпті жау алмас, ақылы көпті дау алмас. c) жақсы аттың тісін ашпа. d) алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. e) адаспаймын деген ер тал түсте жолдан адасады.
ғылымның айтқан ойларынан мағыналары жақын сөздерді анықтаңыз a) «жақсылыққа елжіреп еритін – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін – мен». b) «не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен». c) «менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан
қаша алмайды екен». d) «мен – денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ». e) «тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. бірақ сонымен бірге, амал да, айла да – бәрі сенен шығады».
ЕЛТАНБА
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады.
ТУ
Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi.
Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.
Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
– деп жырлаған көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф – Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақ балаларын өнер-білімге шақырып, оларға мектеп ашып, сауаттандырған. Биыл, яғни 2016 жылы Ыбырай Алтынсаринге 175 жыл толады. Осыған орай «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейінде «Өнер-білім бар жұрттар…» атты уақытша экспозиция ұйымдастырылып, Ыбырай Алтынсариннің еңбектері мен оның шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері келушілердің назарына ұсынылып отыр. Экспозицияға Ыбырай Алтынсариннің туындылары мен оның қызметін, шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері қойылған. Олардың қатарында келесі шығармалар бар: «Алтынсарин Ы. Кел балалар оқылық. Бастауыш мектептің оқушыларына арналған. – Алматы, 1948.»; «Алтынсарин Ибрагим. Избранные произведения / Алтынсарин,Ибрагим; Сост.и подгот. к печати Б.С.Сулейменов. – Алма-Ата, 1957.»; «Алтынсарин Ибрагим. Собрание сочинений в трех томах. Т.2. – Алма-Ата, 1976.»; «Алтынсарин, Ыбырай. Асан мен Үсен / Алтынсарин Ыбырай; Е. Қарбеков. – Алматы, 1952.»; «Ыбырай Алтынсариннің қолжазбасы.; Дербисалин А. О литературном наследии Ибрая Алтынсарина / А. Дербисалин; Пер.с каз.Е.Лизуновой. – Алма-Ата, 1957.»; «Эфиров, А Ф. Ибрай Алтынсарин : Жизнь и педагогическая деятельность / А. Ф. Эфиров. – Алма-Ата, 1949.»; Ситдыков Амиржан. Педагогические идеи и просветительная деятельность И. Алтынсарина / Ситдыков, Амиржан ; Под ред.: Е. Бекмаханова. – Алма-Ата, 1949.»; «Алтынсарин Ибраһим Балқожаұлы. Шариат ал-ислам: Мұсылманшылықтың тұтқасы / Алтынсарин,Ибраһим Балқожаұлы. – Қазан, 1884.»; Алтынсарин И.Б. Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. – Оренбург, 1879.». Сонымен қатар Алтынсариннің өз отбасымен түскен суретері, оның ашқан мектебінің суреттері экспозияға ерекше көрініс беріп тұр.
Объяснение: