Бұрынғы қазақ қоғамында уақытты жұлдыздар бойынша есептеудің жүйесі болған. Әлі күнге дейін бұл уақыт есебі тоғыс есебі деп аталады. Әлемнің басқа елдерінде кездеспейтін бұл жүйеде уақыт Ай мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір 28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады. Көне дәуірлерден келе жатқан тоғыс жүйесінде есепшілердің Үркер жұлдыз шоғырын таңдап алуының себебі болуға тиіс. Біріншіден, Үркер жұлдыз шоғыры түнде шоқтай болып, көзге бірден жарқырап түседі. Екіншіден, 14-мамыр мен 21-маусым аралығынан басқа уақыттарда Үркер жұлдыз шоғыры (Торпақ шоқжұлдызының құрамында) түнгі аспанда үзбей көрініп тұрады. Үшіншіден, ай батыстан туып, шығысқа қарай қозғалғанда, Үркер шығыстан туып батысқа қарай қозғалады. Бір-біріне қарсы қозғалған аспан денелерінің кездескен уақыты, яғни «тоғысқан» мезгілі уақытты дәл белгілеу үшін таптырмас белгі іспетті деуге болады.
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар.
Объяснение: