Жер бетіндегі ең әдемі сөз -Ана.Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды.Ана түн ұйқысын төрт бөліп ,ұйықтамай бесік таянып отырады.Ана жүрегі уайымшыл,сезімтал,нәзік.Адамзат бойына қасиетті күш беретін ,өсіріп, мәпелейтін,аялап еркелететін қасиетті адам --Ана . Ана әрқашан қиын жағдайда көмектесіп ,қол үшын беруге дайын.,,Ана ,,деген сөз -ең қымбат, ең асыл ,ең алтын сөз.Анаға арнап көп ақындар мен жазушылар түрлі шығармалар мен өлеңдерді жазған.Ананың қолы қасиетті,алақаны аялы,жүрегі жылы.Сен дүниеге жан болып келдің.Сенің іздейтініің бір- ақ жан .Ол --Ана.Ол саған бәрінен де қымбат. А ң жасы нешеде болса да ,оған әрқашанда Ана керек.
Дефис:
1.Қайталама қос сөз бен қосарлама қос сөздерде сөз аралығына қойылады:
Ояз Абайдың әйелі мен туған-туыстарын көргісі келетінін айтты. (К. Оразалин "Абай")
2. Күшейтпелі шырай түзетін күшейткіш буыннан кейін қойылады:
Басқа-басқа, Сағынайға не жоқ, жолдасын жамандаған қағазға қол қойып. Әп-әсем жігіт, иман жүзді. (Ж.Нәжімеденов, "Ақ шағыл")
3.Топтау үстеулері немесе топтық сан есімдерден кейін дефис қойылады:
Желігіп алды көнбестен
Желқуық өңшең байталдар,
Бірі де қайыру берместен
Сынаптай ақты сайтандар,
Б і р-б і р л е п жүріп сай-құмнан, Өлгенде өзер қайырдым. (М.Мақатаев, "Жырлайды жүрек")
4.-мыс, -ақ, -ау, -ай демеулік шылауларынан бұрын дефис қойылады:
Қатыны келгенде, тілге келмей, қолын ұсынуға ғана шамасы келіпті- мыс. (Т.Әлімқұлов, "Көкпар")