Казак тілінен бакылау жұмысы. 1 тапсырма. Сұрақтарға жауап бер: 1. Септіктердің бәрінде жалғау бар ма? 2. Қай септіктің сұрақтары ұқсайды? 3. Қай септік біздің облысымыздың атауына жакын? 4. «Құтқару» сөзінің омонимі қай септікке жақын? 5. Ан атауына жақын септік қандай? Сұрағын жаз! 2 тапсырма. «Қалаға» және «Қалада» сөздеріне сұрақ қой? Қайсысы қай септікте тұрғанын ажырат. Қалаға: Қалада: 3 тапсырма: Септіктер туралы езін ереже құрастырып кер немесе төмендегі ережені толыктыр: Септіктердің барлығы 4 тапсырма. септігіне жалғану арқылы жасалады. Қызықты ақпарат: Қазақ тілінде жаңарған сөздер және көнерген сөздер болады. Қолданысқа жаңадан енем сөздерді неологии сездер дейміз. Қолданыста сирек болып, ұмыт болып бара жатқан сөздерді архаизм сездер дейміз. Мысалы неологизмге ехайлш жатқызуға болады, бұл «тез атагын шығару» дегенді білдіреді. Ал гсужгі» деген сөзді архаизмге жатқызуға болады. Сүңгі-сүйірленіп қатқан а. Берілген сөздерді жеті септікке септе: хайп, сүңгі
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.