Крест жорықтарының салдары. Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері тарапынан жүргізілген әділетсіз, басқыншылық соғыстар болды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына едәуір кедергі келтірді. Жорықтар Еуропа елдерінің ғана емес, Шығыстағы мұсылман елдерінің де шаруашылығына, мәдениетіне орны толмас зиян әкелді. Көптеген өнер туындылары қирады, кітаптар мен құнды деректер жойылып кетті.
Дегенмен бұл жорықтардың Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайдалы жақтары да болды. Біріншіден, Жерорта теңізіндегі сауданың қыза түсуіне ықпал етті. Бұл саудада Солтүстік Италия қалалары үстемдікке ие болды. Екіншіден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыған мәдениеттің үлгісін игерді. Кресшілер мұсылман халықтарынан тамақ ішер алдында қолдарын жууды, ауық-ауық ыстық моншаға түсіп, ішкиімдерін, төсек-орындарын ауыстырып түруды, әдемі киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді. Үшіншіден, еуропалықтар Шығыстан жаңа егіс дақылдарын көріп, Еуропада күріш, лимон, өрік, қарбыз өсіре бастады. Еуропалықтар Шығыс халықтарынан жібек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы өңдеуді үйренді.
Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: "Бүгін мені жан досым ұрды!"
Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: "Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды", — деп жазады.

Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы