Су - тіршілік көзі, өмірдің қуаты. "Судың да сұрауы бар" дейді аққан судың қадірін білген дана халқымыз. Күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандардың басындағы ауыртпашылықты қайдан білейік? Ағызып қойып соны ойлай бермейміз-ау. Ал барша мұсылманға қасиетті Рамазан айында ораза ұстағанда, Алла разылығы үшін ас-судан тыйылып, күн батқанша қара су аузың жетпегенде ғана не дүниенің парқына барасың. Күн еңкейе батып, ауызашар уақыты кіргенде ұрттаған суыңнан балдай, одан артық бақыт сыйлар дүние бар ма, шіркін!
Шіркін, балалық шақ - бал дәуренім-ай... Асыр салып, көбелек қуып, дала кезіп жүруші едім. Мектеп қабырғасында жүргенде, қаланың у-шуынан жалығып, кезекті демалысты асыға күтетінмін. Отбасында үш ұлдың ортасында өскен жалғыз қыз бала болғандықтан өте ерке едім. Әкем менің айтқанымды екі етпейтін. Әр тоқсан сайын киімдерімді жинап, ауылға аттанатынмын. Неге екенін білмеймін, «ауыл» десе, асығып туратынмын. Шіркін, таза ауа, кең аула, жеміс ағаштарына толы үлкен бау. Түн ортасына дейін ойын ойнап, баудан қалаған жемісімді жұлып жеп жүре беруші едік. Әкемнің еркетайы болғандықтан, атам мен әжем менің орынсыз қылықтарыма көз жұма қарайтын. Ауылдағы қара шаңыраққа мен секілді туыстарымның балалары да қыдырып келуші еді. Әкемдер отбасында он ағайынды. Атам мен әжемнің он ұл-қызынан 42 немересі бар. Демалыста әр үйден екі-үш баладан ауылдағы қара шаңыраққа аттанатынбыз. Бәріміз тай-құлындай тебісіп, жасырынбақ ойнап, скакалкамен секіріп, доп қуалап ауылдағы уйдің астаң-кестеңін шығарып қайтатын едік. Жасырынбақ ойнар сәтте міндетті түрде «Алма кетті домалап, көше бойын аралап» деп санамақ жүргізетінбіз.
Мен үшін ең қымбат байлық су