Бұл сөзіме сенбе менің мейлің,сен мейлің, Сен тұрғанда сенбеймін де,сөнбеймін! Бақытыңды таба алмасаң сүюден, Басқа тапқан Бақытыңа сенбеймін! , Сенбе-сен антоним
Шашу Шашу — дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық әдет-ғұрып. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, т.б. қуанышты жағдайларға байланысты шашылатын құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпит жиынтығы. Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады. Кейде тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі жас балаларына апарып береді. Шашудың екі түрі бар. Бірі шашылады, екіншісі шашылмайды. Тойға көп адам Шашу әкелетіндіктен оның бәрін ысырап етіп шаша бермейді. Тек белгілі бір бөлігін ғана шашып, жосын-жоралғыларды жүргізеді. Туыс-туғандар әкелген дастарқан Шашу ретіндегі қазақ халқының қуаныш-тілегін білдіретін ниеті болып табылады. Оның бастаулары кем дегенде көне түркілік замандарға барады. Түркілер қуаныш кезінде құрт, ірімшік сияқты ақ тағамдарды “ақ жолтай“, “ақ тағамдай ақ болыңдар“, “ақ ниет тілейміз“ деп шашқан. Кейіннен тату-тәтті болсын деген ниетпен Шашуға кәмпит қосылған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ауқатты адамдар күміс, алтын теңгелер де шашқан. Шашу қазіргі уақытта да кеңінен қолданылуда.
Шашу — дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық әдет-ғұрып. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, т.б. қуанышты жағдайларға байланысты шашылатын құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпит жиынтығы. Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады. Кейде тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі жас балаларына апарып береді. Шашудың екі түрі бар. Бірі шашылады, екіншісі шашылмайды. Тойға көп адам Шашу әкелетіндіктен оның бәрін ысырап етіп шаша бермейді. Тек белгілі бір бөлігін ғана шашып, жосын-жоралғыларды жүргізеді. Туыс-туғандар әкелген дастарқан Шашу ретіндегі қазақ халқының қуаныш-тілегін білдіретін ниеті болып табылады. Оның бастаулары кем дегенде көне түркілік замандарға барады. Түркілер қуаныш кезінде құрт, ірімшік сияқты ақ тағамдарды “ақ жолтай“, “ақ тағамдай ақ болыңдар“, “ақ ниет тілейміз“ деп шашқан. Кейіннен тату-тәтті болсын деген ниетпен Шашуға кәмпит қосылған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ауқатты адамдар күміс, алтын теңгелер де шашқан. Шашу қазіргі уақытта да кеңінен қолданылуда.