Казак тiлiн уйренiп журген өзге ұлт өкiлiнедостык конiлдерiнді білдіріп, хат жазындар. Хат мотiнiнiн кiрiспесінде ездерін жаттаган Елбасы Н.Назарбаевтын сөзінен үзінді, не гiзгi болiмiнде темендегі создер болсын. Сонында оздерінді таныстыруды умытпандар. Муратынызга жетiнiз! Сәттілік тілеймін! Мерейiнiз устем болсын! Нур жау сын! Айыныз онынан тусын!
Қазақтың батыр қыздары-Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова олар ұлы Отан соғысына қатысқан.Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Қобды ауданына қарайтын Бұлақ ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Ілия. Әкесінің есімі Нұрмұхаммед Сарқұлов, анасы Маржан Молдағұлова. Әлияның Бағдат есімді артынан ерген інісі болды. Бірақ, Әлия 8 жасқа келгенде анасы қайтыс болып, әкесі екі баламен жазғыз қалады. Бұл кезең өте қиын болатын және әйелінен айырылған Нұрмұхаммед қызын әжесінің тәрбиесіне беруге мәжбүр болады. Осылайша, Әлия нағашы ағасы Әбібәкір Молдағұловтың отбасында өмір сүріп, балалық шағы өзімен қатарлас туысы Сапурамен бірге өтеді.
1935 жылы Молдағұловтар отбасы Мәскеуге, ал кейінірек соғыс алдында Санкт-Петербургке көшеді. Отбасылық жағдайға байланысты ағайы Әлияны №46 қалалық балалар үйіне береді. Осылайша, күздің сұрлы бір күнінде Ленинградтағы балалар үйіне көзі сәл қысыңқы 12 жасар қазақтың қараторы қызы түседі. Балалар үйіндегі орыс достары оны Лия деп атай бастады. Оларға Ілия дегеннен осылай атаған ыңғайлы болды. Ол балалар қатарына бірден қосыла алмады. Бала Әлия жолдастарына мұқият қарап, бірте-бірте олардың көңілін баурай бастады. Әлияның сабақ үлгерімі жақсы болды және ол пионерлер құрамында да белсенді жұмыс істеді. Сол еңбекқорлығының арқасында Артекке жолдама алды.
1941 жылдың жазғы күндерінде балалар үйінің пионерлері үлкен сапарға дайындалып жатты. Соңғы дайындық бітіп, қапшықтарға дейін салынып қойған еді. Бірақ, бұл демалыс болмады. Себебі, сол күні радиодан фашистік Германияның Совет Одағына шабуыл жасағаны туралы хабарланды. Сонда Әлия бірінші болып жұмысқа баруға өтініш білдіреді, бірақ оны балалар үйінен жібермеді.
Соғыс туралы хабар тарағанда ересек топтағы балалар Ленинград айналасындағы бекініс құрылысына көмектесті. Олардың арасында жанын салып жұмыс істеп жүрген Әлия да бар еді. Қара жұмыстан қолы жарылып, қатайса да, Әлия күрегін тастамады. Керісінше, табандылығымен жігіттерді жігерлендіріп отырды.
1941 жылдың қараша айында Әлия Молдағұлова комсомолға жіберілді. Комсомол билетін алғаннан кейін, ол өзін жауынгер қатарында жүргендей сезінді.
Жау қолы қаланы бомбалауын тоқтатпады. Өзгелермен бірге Лия да үйдің төбесінде кезекшілік етіп, жарылғыш заттарды сөндіруге ат салысып, жараланғандарға көметкесті. Сонда алғаш рет қан көрген Әлия «Жаудың жүрегіне оқты өзім атқым келеді!» деп, соғысқа аттануға ниет етеді.
1942 жылдың наурызында балалар үйімен бірге Әлия да Ярославль облысының Данилов ауданындағы Вятской кентіне көшірілді. Мұнда қазақ қызы 7 сыныпты бітіреді. Күзде ол Рыбинске барып, авиациялық техникумға түседі, бірақ онда небәрі 3 ай оқиды. Ол 25 қазанды асыға күтті. Себебі, бұл күні ол 17 жасқа толады.
Сөйтіп, 25 қазанда кешкі уақытта аудандық военкоматтың есігіне кіп-кішкентай, арық қыз кіреді. Ол Әлия еді.
«Мен, комсомол мүшесі Лия Молдағұловамын. Ярославльге Ленинградтан көшіп келген балалар үйімен бірге келдім. Қазір техникумда оқимын. Бірақ, майданға барғым келеді»,- дейді Әлия.
Бірақ, военком кішкентай қазақ қызының жасы 18-де екеніне сенбей, он сегізге толғанда бір-ақ кел деп, қатарып жібереді.
Әлия бірнеше рет армияға баруға өтініш береді, бірақ оның өтінішін қабыл алмайды.
Майданға аттануға ұмтылған Надежда Матвеева да Лияның өзін соғысқа алу туралы өтінішін қабылдау үшін барын салғанын айтып, есіне алады.
Ақыры, 1942 жылдың желтоқсанында, майданға аттануға деген үздіксіз өтініші бойынша Әлия снайпер нұсқаушылар мектебіне оқуға түседі. Сол күндері екі қыз Лия мен Надежда Матвеева дос болып кетеді. Кейіннен Надя Лияның серіктесі болды, олар бірігіп снайпермен шабуыл жасайтын.Ал Мәншүк Мәметова.АлҰлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Сын есім - заттың түрін, түсін сапасын, сипатын, көлемін білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мағынасына қарай Сапалық және қатыстық деп бөлінеді. Тұлгасына карай:Негізгі жане Туынды деп бөлінеді.
Зат есім - дегеніміз заттың,құбылыстың,ұғымның атын білдіріп,кім? не? кімдер? нелер? деген сұрактарга жауап береді.