Бұлбұлдар (лат. Luscinia) — торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қараталөзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертісөзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканыңтропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктерменқоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.[1][2]
Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. Менің де анам бар. Ол үйде бала тәрбиесінде. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Менің анашым әлемдегі ең сұлу, нәзік, жүрегі кең адам. Өйткені ол а ң бар нәзік сәбилерін барлық жанымен сүйе біле алады. Анам бір қиындық туса құтқарып, әрқашанда ағайын-туғанның арасын жақындатып жүреді. Анам өзінің білгенін басқаларға үйретуден жалыққан емес. Мен анамнан көп жақсы нәрселер үйрендім. Ол қанша шаршап жүрсе де балаларын ешқашан тыңдаусыз, байқаусыз қалдырмаған. Балаларын тыңдап оларды мақтап, мадақтап — «менің балам әлемдегі ең керемет жан, өзі ақылды, өзі білгір» — деп қана айтып жүретін. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын: Нұрын шашқан күніміз, Айжұлдызды түніміз. Мәпелеген қамқоршым, Ана біздің гүліміз. Мен бұл сөзімді әрбір адам алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Мен анамды үлгі тұтамын!