Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
1. Кімде - кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж. Баласағұн.
2. Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз.
Сенека.
3. Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т. Фуллер.
4. Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды.
А. П. Чехов.
5. Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын.
Альберт Эйнштейн
6. Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.
Шоқан Уәлиханов.
7. Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
А. С. Макаренко
8.«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"
К. Д. Ушинский
9. Құт берекең - атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Қазыбек би
10. Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.
Менің сүйікті қалам