Казакстан Республикасы Ұлттык музей халымаралық стандартада о жабдыкталган. Ұлттык музейге көне жәрiгерлер мен археология лык, мәдени ескерткіштер койылган музейд и по машин дерiнде «Астана», «Toyencia Казакстан», «Али, Ewent wi орта ғасыр тарихы», «Этнография>, <<Тари», «Заманауи онер» атты залд бар.Музейде Казакстаннын ерте гасырдан казірге дейінп тарихын
керсететiн жәдігерлер бар.
Музейдiн басты атриумы - алтын туст кус. 1,5 сағат сайын орталык зал да Елбасының даусымен басталатын тұсаукесер барысында ол кос канатын қағып, бірде самғап, бірде киялап ушады. Бірінші қабаттағы «Астана» залында 1,5 сағат сайын «Астана архитектурасы» шоуы болады. Ол да Елбасының даусымен басталады. Медиаеденде Астана қаласындағы терт мезгiлдiн керiнiсi керсетiледi де еден ортасынан ашылып, Астанамыздың ең маңызды нысандарының макеттер шыгады
«Ак желкен» журналынан
ЖАЗЫЛЫМ 10-тапсырма. «Дербес пікір» жазу тәсілін қолданып, мәтін мазмұны бойынша пікірлеріңді жазыңдар (уақыт мөлшері: 7-8 минут) 1. Өзіндік пікір (идея): бір сөйлем. 2. Дәлел: екі сөйлем. 3. Өз пікірін айғақтайтын мысал: екі сөйлем. 4. Өз пікіріне қарсы пікір: бір сөйлем. 5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал: екі сөйлем. 6. Қорытынды: екі сөйлемнен құралуы керек
1. Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді.Иммунитет жүйесін құрайтын жілік майының түрлі ауруға қарсылығын күшейтеді.Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.Эритроциттің жұмыс өнімділігін күшейтеді.Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді. Су – буын қуыстарын негізгі майлаушы зат.Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.Ішек жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.Дене температурасын реттейді.Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.Жүрек ауруы мен сал (параллич) ауруынан сақтайды. Мидан гормонар бөлінуі үшін қажет.Су адам зейінін ашады.Жұмыс өнімділігін арттырады.Ешқандай кері әсері жоқ.Стресс пен депрессияны басады.Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады.Көзге көру қасиетін береді, ағзада қан жасалуын реттейді.Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.Дене қызуын басады. Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.Жүктілікте жүрек айнуын азайтады. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.
2. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады.
3. Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Сусыз адам, жануар, өсімдік те өмір сүре алмайды. Себебі адам мен жануардың ағзасы су арқылы жүреді, ал өсімдік су арқылы өседі. Су. Екі ғана әріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршіліктегі құбылыстардың бәрі судың қатысуымен жүреді. Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі айналыста жүреді. Жер бетінде сусыз тіршілік болмайды. Сондықтан судың қадірін біліп өсуіміз керек.
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.