Әке деген - біздің асқар тауымыз, қорғанымыз, панамыз және асыраушымыз. Бұл дүниеде, менің ойымша, адамның екі ең жақын адамы бар: бірі - Ана болса, екіншісі - Әкеміз. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат.
Әрбір шаңырақта, әсіресе қазақ отбасында6 әкенің алар орны ерекше. Себебі, әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Мен өз әкеммен уақыт өткізіп, ол кісіден бар нәрсені үйренгенді ұнатамын. Менің ойымша, ұл баланың тәрбиесі көбінесе әкеге байланысты. Әкем екеуміздің қарым - қатынасымыз өте жақсы, мен әкемнен кез - келген мәселе бойынша ақыл сұрап,сырласа аламын. «Тек әкелер сендер ғана лайықсың, хан сарайы, «патша» атағына» деп өлең жолдарында айтылғандай асқар тау әкелерімізді қадірлеп, ол кісілерді үлгі тұтайық!
Әке мен бала достығы