Келесі мысал – Ли Куан Ю. Отыз жылдан сәл асқан уақыт ішінде ол Сингапурды өмір сүру деңгейі жоғары, дамыған қала-мемлекетке айналдыра алды. Бүгінгі күні Сингапурдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелері - әлемдегі ең үздіктердің бірі. Жан басына шаққандағы кірісі 25 мың доллардан асты, ал тәуелсіздігін алған кезде ол небәрі 1 мың долларға да жетпейтін еді. Екі миллион халқы бар мегаполис ірі ұлтаралық компаниялардың жұмыс істеуі үшін ерекше тартымды азиялық қалаға айналды.
1991 жылы мамырда Ли Куан Ю бейресми сапармен Алматыға келіп қайтқан еді. Міне, сол кезден күні бүгінге дейін жалғасқан біздің өзара достығымыз басталды. Ол Қазақстанда өткізген бес күннің ішінде біздің еліміздің жағдайымен танысып, менің өтінішім бойынша, сол кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде жұмыс істеп жүрген жас экономистер тобы алдында сөз сөйледі. Табан астында ұйымдастырылған лекцияда Ли Куан Ю мемлекет-қаланың қалай құрылғаны, қалай дамығаны туралы әңгімеледі. Ол тыңдаушылар назарын 1965 жылы Сингапурдың тәуелсіздік алуымен байланысты тап болған проблемаларға аударды.
Ойыңызды ПОПС формуласы бойынша түсіндіріңіз.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»
Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: … »
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...
Музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, , сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды.
1.Балық шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: жылым, бүркеніш, қаяз, азна,қармақ,шөктірме т.б.
2.Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.
3.мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші.
4.Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқкиім тігетін құрал, тарамыс – аяқкиім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.