Кешкі астан кейін тӛр үйге кіріп, стол шамды жақтым да, сырттан ештеңе кӛрінбестей етіп терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы үлкен айна тұр. Столымды соның дәл алдына тақап қойдым да, дүниені шулатып, сойқандап жүрген қылмыскер Қожамен бетпе-бет келіп отырдым. - Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе — тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен бұдан
былай не істеуім керек?
Күн тәртібін протоколға мәнерлеп жаздым да, қылмыскердің жүзіне қарадым:
- Ал сөйле, батырым.
Ол арсыз бұның бәрін қалжың деп ойлайтын болу керек, күледі маған қарап. Көзін бағжитып, ернін шығарып, аузын қисайтып, келекелейді өзімді.
Оның бұл қылығына менің ызам келіп, ашуым қайнап кетті. Қабағымды қарс
түйіп, Ахметовке еліктеп, столды тарс еткізіп қойып қалдым:
- Түрегел!
Батырыңа жан керек екен, ұшып түрегелді.
- Отыр!
Қайта отырды.
- Неге шақырдың, Қожатай? — деп әжем кіріп келе жатыр.
- Шақырғам жоқ, ары барыңыз.
- Дауыстағандай болдың ғой?
- Сізге емес... жайша. Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр. Бөгет жасамаңыз.
- Кеңесі несі?
- Кеңес дегеннің не екенін түсінбейсіз бе? Жиылыс, жиылыс өтіп жатыр.
Әжем бір сәтке аңырып, үрке қарап қалды.
- Әкем-ау, мынау не айтады? Жиылысы несі? Столды айнаның алдына неге қойдың?
- Ту, жарықтық - ай, — деп кейідім мен, — өзіңізге тиісті емес нәрседе не
шаруаңыз бар. Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Өзім, Өзім туралы мәселе қарап жатырмын. Сізге қатынасуға болмайды.
Әжем менің қасыма келді. Қарасы қызғылттанып, жасаураған қоңыр көздері өңменімнен өтіп барады.
- Қожатай, шыбыным... сен... бисмилла деші. Бисмилла деші,
шыбыным... Түнде де ұйықтап жатып, жиылыс ашық, талқылаймын деп, бірдеңелерді айтып шығып едің, шошымалданып жүрсің ғой деймін. Бисмилла деші...
Ыза болғаным соншалық:
- Бисмилла! Бисмилла! Бисмилла! — деп нығарлап үш рет айттым. —
Болды ма? Жоқ, тағы айтайын ба?
- Шыбыным... жалғыздан жалғыз отырып та адам жиналыс өткізе ме
екен? Түн болса, сарылып көп оқисың. Осы сенің ұйқың қанбай жүр ғой деймін?
Мен орнымнан ұшып түрегелдім:
- Айналайын әжетай, барыңызшы. Бөгет жасамаңызшы.
Тартыншақтағанына болмай, әжемді шығарып жібердім де, есікті іліп
алдым.
Кестені толтыр.
Үзіндідегі басты мәселе
Қожаға қалай әсер етті?
Автор бұл үзінді арқылы нені түсіндіргісі кеді?
Қожаның орнында болсаң оқиғадан қандай қорытынды шығарар едің?
Сенің өміріңде ұқсас оқиға болды ма? Болса баяндап жаз.
Сыни хабарлама «Бердібек Соқпақбаев орнында болсам...»
Егер автор орнында болса шығарманы қалай аяқтап, қай тұсын өзгертетіні туралы сыни хабарлама жаз
Жайлау – қыстаудың алыс жатқан даладағы қоныс. Жайлауды шөбі шүйгін, суы мол, әрі, түнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады.
Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы өседі. Ол кезде жер беті жасыл пүліс сияқты қүлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып, семіреді. Адамдар да сергиді. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Ал көктеу қонысында мал төлдетеді. Көктеуге әдетте жылы, жауын-шашыны көп бола бермейтін, малдың төлі түрлі жұттарға аз ұшырайтын ойпаң қоныс таңдалады. Күзеуде қазақ малдың семірген тұсын көздеп базарға жақын жақтарға, өз тұрмысының ыңғайына қарай қоныс тауып отыра берген.
2)әр адамның сүйікті мұғалімі болады. Маған көп мұғалімдер ұнайды. Бірақ ең сүйікті мұғалімім- ИМЯ УЧИТЕЛЯ. Ол мұғалім маған ұнайтын себебі: ол сабақты өте жақсы түсіндіреді, және бұл менің сүйікті пәнім. Маған осы мұғаліммен жұмыс істеген ұнайды. Сізге көп рахмет! Осындай сіз сияқты мұғалімдер көбейе берсін!
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк.
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арнап, С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы “Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”
атты әдістемелік құралын ұсынады.