Кесте құрып Хан ,Уәзірлері, Аяз би, Аяз бидің әйеліне мінездеме беріп жазыңдар.Мысалы кестеде кейіпкерді автордың сипаттауы,іс -әрекеттері,сендердің кейіпкерге беретін мінездемелерің БАҒАН түрінде сызылып жазылуы тиіс.
Біздің есігіміздің алдында шағын ғана бақшамыз бар. Көктем басталғалы бәріміз сол бақшамызда жұмыс істейміз. Бақшадан жылда жақсы өнім аламыз. Көкөністерді ешқашан базардан немесе дүкеннен сатып алмаймыз. Қияр, қызанақ, жуа, қырыққабат, қызылша, картоп, сәбіз бәрі-бәрі бар. Жаздай тойғанымызша жейміз. Артылғанын түрлі салаттар жасап, қысқа сақтаймыз. Қияр, қызанақтарды анам кәдімгі банкіге тұздайды. Ал, қырыққабатты үлкен бөшкелерде тұздаймыз. Жалпы, бақша(огород) болған өте жақсы. Өнімі қыстай, жаздай тамақ.
Байкал — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі тұщы көл. Теңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады.Көлде 27 арал бар, ең үлкені—Ольхон (730 км²). Көлге 336 өзен құяды. Олардың ірілері: Селенга, Баргузин, Жоғ. Ангара, Турка, т.б.Ең биік су деңгейі тамыз — қыркүйек, ал ең төмен деңгейі наурыз — сәуір айларында байқалады. Судың беткі қабатының температурасы тамыз айында 9 — 12ӘС-қа дейін көтеріледі. Желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында суы қатады, мамырда мұзы ериді.Көл төңірегінде туризм жақсы дамыған. Байкалдың солтүстік-шығыс бөлігі Баргузин қорығының құрамына енеді