В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
fhjanvmendwr
fhjanvmendwr
06.10.2020 01:23 •  Қазақ тiлi

Кесте сәйкестендіру Кристофор Колумб

1492-1504жж

Америго Веспуччи

1499-1503 жж

Васко да Гама

1497-1498 жж

Фернан Магеллан

1519-1522 жж қазақша​

Показать ответ
Ответ:
еааа2платьев
еааа2платьев
04.03.2023 13:26
Бірде бар, Көгілдір таулар мен батпақты батпақтар арасындағы тығыз қарағай мен қайың ормандары өсті. батпақты өзен ағып Чаглинка қасында арнайы қазып канал әскери органдарының тапсырыстары бойынша 19 ғасырдың соңында су сулы-сазды жерлердің жіберілді. Осылайша Көкшетау қаласы жатқан жағасында, Copa көлі пайда болды.
қалалық әскери бекініс ретінде Көкшетау 1824 жылы құрылған. Алғашында ол 60-шы жылдардың соңына қарай казак ауылы, болды. Ол аудан орталығы болды. 1863 жылы халық саны қазірдің өзінде 72 бөлшек дүкендер және 10 сүт және 11 үйлердегі жұмыс істеді қаласында қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сонша болды. Қазақ және Станичная - екі мектеп бар еді. 1944 жылдың наурыз айында құрылған Көкшетау облысы, Көкшетау тағайындалды қаласының өңірлік орталығы болды.
ел тәуелсіздігін қол жеткізген соң, 1993 жылы, билік органдары өздерінің бастапқы атауларының қазақ қаласы қайтаруға бастады. Болып өзгертілді және Көкшетау болды: орыс нұсқасы бетінде айтылу рельеф «Синегорье» Дұрыс этимологиялық қазақ өзгертілді - Көкшетау.
1997 жылы Көкшетау облысының нәтижесінде таратылды, және қалалық Ақмола облысында өзгерді шекараларын облыс орталығы болды фактісі әкелді әкімшілік қайта құру сериясын бастады. қала ішінде ескерткіштер, өнер және атақты тұлғалардың адам қайраткерлері лайық жатыр. Олардың арасында, ескерткіш Шоқан Уәлиханов VI Даңқ аллеясында Кеңес Одағының, Талғат Бигелдинов, екі мәрте Батыры Ленин мүсіні. қаласында соғыс жылдары төмендеді болғандардың құрметіне орнатылған: Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылы қайтыс жауынгерлері мемориалдарына, GG, кеңестік жауынгерлердің ескерткішЕкінші дүниежүзілік соғыс кезінде Көкшетау әскери ауруханасында оның жаралар қайтыс болған сарбаздар жерленген (Barmashke бойынша) зират.
Кеңес Одағының Батыры Ғабдуллина Мәлік мұражайы 1995 жылы ашылды. 1996 жылы Қазақ музыкалық-драма театры құрылды. Ш. Құсаинова. қаласында қолжетімді орындарының базасында Сол жылы: ауыл шаруашылығы, педагогикалық, Қарағанды ​​политехникалық институтының филиалы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті құрылған.
Көкшетауда жергілікті тарихының Ақмола облысы мұражай жұмыс істейді. Оның қызметі айқын облысы, өмірі мен аумақты мекендеген халықтардың салт-дәстүрлері нақты сипаты мен тарихын білдіруге, экспонаттар көрсетіп бағытталған. 1904 жылы салынған мұражай ғимараты, сәулет өнері мен тарихының ескерткіші болып табылады.
Мұражай М. Ғабдуллина, Қала тарихы мұражайы, әдебиет және өнер мұражайы «мұражай бірлестігі» Көкшетау «қаласында орналасқан мұражай біріктіреді. Көкшетау қатар 6 ведомстволық мұражайлар, сарайлар және мәдениет, қала филармония, кітапханалар, клубтар, кинотеатрлар үй бар.
Көкшетау орыс драма театры мен қазақ музыкалық-драма театры: екі театр жұмыс істейді. Sh.Kusainova.
0,0(0 оценок)
Ответ:
heylalaoxkpop
heylalaoxkpop
04.03.2023 13:26
Көкшетау – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ. Қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері –16 – 19°С, шілдеде 19 – 20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 230 – 400 мм.
ИЛИ

Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған. 6 – 8-ғасырларда Түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан кейін әр кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т.б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды. 13 – 15-ғасырларда Алтын Орда мемлекетінде түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ – қазіргі қазақ халқы қалыптасты. 17-ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгембай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т.б.) асқан ерлік көрсетті. 18-ғасырдың 40-жылдарынан бастап ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан басқарған Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттері мен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған оқиғалар өтті. Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т.б.) ата қонысына айналды. 1824 ж. 29-сәуірде Көкшетау сыртқы округі құрылып, күзден бастап округтің орталығы Көкшетау бекінісі салына бастады. Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы бастаған, Қазақ хандығын қайтадан қалпына келтіруге ұмтылған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы алғаш осы Көкшетау өңірінде бастау алды. Орта жүз ханы Уәлидің жесірі Айғанымға Сырымбет тауында арнайы қыстау салынды. Осы үйде қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өтті. Көкшетауда қазақтың белгілі өнерпаздары (Орынбай, Зілғара, Шөже, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, т.б.) өмірге келді. 1868 ж. Көкшетау сыртқы округі таратылып, оның орнына Ақмола облысына бағынатын Көкшетау уезі құрылды. 1895 ж. Көкшетау бекінісіне қала мәртебесі берілді. 1917 ж. Көкшетау уезінде Алашорда үкіметіне қарайтын қазақ комитеті құрылды. 1919 ж. 12-қарашада Көкшетауда Кеңес билігі орнады. Сол бір аумалы-төкпелі кезеңде халқының азаттығы үшін алысқан Ә.Досов, С.Сәдуақасов, С.Шәріпов сияқты күрескерлер шықты. 1920 – 30 ж. аймақ елімізбен бірге даму кезеңінің күллі ауыртпалығын бастан кешті. Соғыс жылдарында Көкшетау өңіріне КСРО-ның еуропалық бөлігінен көптеген зауыт, фабрикалар жұмысшыларымен бірге көшіріліп әкелініп, орналастырылды. 1944 ж. 16-наурызда орталығы Көкшетау болған Көкшетау облысы құрылды. 1954 ж. басталған тың және тыңайған жерлерді игеру науқанында Көкшетау облысына Ресейден, Украинадан, Беларусьтен мыңдаған тың игерушілер әкелініп, орналастырылды. Нәтижесінде қазақ ауылдары жаңадан құрылған кеңшарлардың құрамына енгізіліп, қазақ мектептері жаппай жабыла бастады. Кеңес өкіметі дәуірінде Көкшетау Қазақстандағы аса ірі агроөнеркәсіптік аймақтардың біріне айналды. Көкше өңірі сирек кездесетін металл кендеріне бай. Мұнда уранның, алмас пен қалайының, каолиннің мол қоры бар. Сондай-ақ Көкшетау ұлттық табиғи саябағы, “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан. Көкшетау өңірінің тарихына Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау”, Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмалары, Сәбит Мұқанов, Жұмағали Саин, Жақан Сыздықов, Еркеш Ибраһим, Сәкен Жүнісов, т.б. ақын-жазушылардың шығармалары, Манаш Қозыбаев, Жанұзақ Қасымбаев, т.б. тарихшы-ғалымдардың зерттеулері арналған.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота