В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
irenda828001
irenda828001
07.05.2020 04:43 •  Қазақ тiлi

Кестені толтыр Етістік Шағы Жағы
ойлады
еске аламыз
оқып шыққан
бөлемін
аңсаған
көмектесесіңдер
соғыспайды


Кестені толтыр Етістік Шағы Жағы ойлады еске аламыз оқып шыққан бөлемін аңсаған көмектесесіңдер соғы

Показать ответ
Ответ:
Полькаа1642
Полькаа1642
29.09.2021 23:02
Батыр туса ел ырысы

Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларсыз, мемлекет жоқ. Бытылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың сапалары. Батырлар болып дүниеге келмейді, олар болып қалыптасады. Балалық шақтан кішкентай балаға отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек ғой! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірінше, ең басты, ең негізгі батырдың сапасы - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халыққа, ұлтқа деген сүйіспеншілік.

0,0(0 оценок)
Ответ:
новичок579
новичок579
25.02.2023 01:19

2.А.Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде: Адам туғанда есті болып тумайды,адам көріп,естіп,ұстап,татып көріп,жақсы - жаманды танып,ақылға салып,ескерсе,көргені көп болған адам ғана білімді болады,- деп ой түйген.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүру дегеніміз,үлкендердің ақылын тыңдау,сол ақылды керек кезінде қолдану,есті адамның қылығы дер едім.Жақсы адам болу үшін жақсылардың сөзін ескеріп,жаманнан сақтанған дұрыс.Адам өмірінде жақсы менен жаман қатар жүреді.Әсіресе біздің заманымызда жақсы,есті,білімді адам атану қиын.Айтылған ақылды,есті сөзді немқұрайлы тыңдамай,селқостық танытса,ол адамға ақылда қонбас.Естіген есті сөзді құлақ сала тыңдап,түсіну үшін сұрақтар қойып,ақылдың растығына көз жеткізген адам есті,ақылды болар.Есті сөзді тыңдайтын елге,адамға айтқан дұрыс.Абай атамыздың өзі,сөз танымайтынға сөз айтқанша,таныйтын шошқаны баққан жақсы деп,бір хакімнің сөзін мысалға алған.Естілік пен білімділікке жету үшін дүниедегі әрбір көрген,білгеніңді,ескере жүр.Жақсысын ақылға түй,ескеріп қой,жаманынан сақтанып жүр,ақыл,білім жина.Сөз соңын:

Дүниенің жақсысыда,жаманыда,

Ілігер бәлкім өмір қадамыңа.

Ұлы Абай мұраларын ойға түйіп,

Айналсам деймін"толық адамыңа",-деп түйіндеймін.

3.Шәкәрім Құдайбердиев 1858жылы дүниеге келіп,жастайынан жетім қалып, немере ағасы Абайдың қолында тәрбиеленген.Шәкәрімнің "Жастарға"деген өлеңінде ағасы Абайдың ой - парасатын,білімін,болашаққа жол сілтеуші,жастарға үлгі ретінде көрсеткен.Абайдың кемеңгерлігіне,даналығына бас иіп,одан өнеге,ғибрат алуға жастарды шақырады.Мыс:

Кел.жастар,біз бір түрлі жол табалық,

Арам,айла,зорлықсыз мал табалық.

Қанша айтқанмен өзгенің бәрі надан,

Жалынбалық,Абайға, жүр баралық,деп Абайдың нәрімен сусындауға шақырады.

Халқына жаны ашыған Абайдан үлгі алу керектігін жастарға айтуы,қазақ үшін Абайдың ұлы тұлға болатынына көзі жеткендіктен айтылған.Абайдың тәрбиесі Шәкәрімнің дүние көзқарасының қалыптасуына,ақындық шеберлігінің шындалуына зор әсер етті,сондықтанда тәрбие берген,өз ұстазын жастарға үлгі етті.Абай Құнанбаевтың болашақ жастарға үлгі боларлық тұлға екендігін көрсетті.

9."Жігіттер ойын - арзан,күлкі - қымбат" өлеңінде

Қырмызы,қызыл жібек бозбалалар,

Оңған пұлдай бұлдайды,бір дым тисе,-деп сәнқой бозбалаларды сынға алған.Ондай сәнқой жігіттер біздің заманымыздада баршылық.Шашын түрлі- түске бояп,сырға таққан жігіттерді Абай атамыз көрсе не болар еді?! Абай атамыз айтқандай: "Екі түрлі нәрсе ғой сыр - мен сымбат",- деп,жігіттің ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесінің үйлесіп тұруын талап еткен.Кітап оқып ішкі дүниесін,рухани байытып жүрген жастар заманымызда аз екендігі өтірік емес.Заманымыз - Ғаламтор заманы,жастар кітаптан көрі ғаламтор жүйесіне сүйенетініде рас."Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп",деп мақтаншақ,даңқ құмар жігіттерді сынға алған.Бір мақтанарлық жағдай,қазіргі жігіттер білімді,іскер,батыл,ойлы,қабілетті,діни сауатты,иман мен сауап қағидаларын ұғады.Қазіргі қазақ жігіттерінің мына қасиеттері - жеңіл өмірге бейімділігі,вертуальді әлемге бойлап,шынайы өмірден алшақтаулары көңілге кірбің түсіреді.Абай атамыз айтқандай жаман мінездерден аулақ болып,жақсы мінездерді бойымызға жиып,"Қазақтың жігіттері" деген атқа лайық болалық.Арзан ойын мен қызық күлкі қуып,шынайылықтан алшақтап кетпейік.Қазіргі заман жігіттері - сегіз қырлы бір сырлы,шымыр денелі,білімді,намысты,ақылды,ел мүддесін жоғары қоятын,жауапкершілікті түсінетін болу керек.Сөз танымайтын ел емеспіз,өсер елдің өскелең ұрпағымыз,елімізді жарқын болашаққа бастар ұрпақ біз боламыз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота