Кейін есік жақта отырған бір жұпыны киімді адам Сауытбайға қарап сөйледі.
«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» де-
гендей, ауылыңа еліміздің бірегей* ардагері Ыбырай
келіпті. Бұл кісінің сөзін естідік. Көпшілікке өзі үшін
емес, ел үшін қолқа салып* отыр, – деді.
Тойға келген ел тегіс бас қосқан жиылыс болды.
Ыбырай Алтынсарин өз сөзінде: «Біз ғана өнер, білімнен
құралақан қалып келеміз. Бұған өзіміз кінәлі. «Өнер
жастан шығады» дейді үлкендер, ендігі жерде сол жас
өренді оқыту керек. Бұл үшін, ең алдымен, мектеп
ашуға бүкіл ел болып атсалысуымыз керек», – деді.
Спандияр Көбеевтен
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап беріңдер.
• Ыбырай өнер, білім туралы не айтты? Ойыңмен бөліс.
• Мәтіннен зат есімдерді тауып, талдау жаса.
• Мәтіндегі нақыл сөздерді тауып жаз. Осы нақыл сөздерден
қандай ой түйдің?
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? А кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз.Сондықтан қолымызда бар нәрсемен қанағат етейік!