.Кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған партизан - жазушының өмірі неліктен өнегелі деп ойлайсыңдар? 2. Неліктен ұлы адамдардың өмір жолы ел есінде қалады? Пікірлеріңді айтыңдар.
3. Соғыс пен бейбіт өмірдің айырмашылығ қандай?
4. Серіктің орнында сендер қандай әрекетке барар едіңдер?
5. Жауды тізе бүктіріп, жеңіске жеткізген қандай күш
Объяснение:
Атом станциялары құрылысы жөнінен ең қымбат нысан болып есептеледі. Атом электр станцияларының (АЭС) қызмет ету мерзімі орташа есеппен қырық жылға тең. Оны салуға жұмсалатын қаржыдан бөлек, шикізат (байытылған уран) пен мерзімі өткеннен кейін пайдаланудан шығаруға кететін қаржы да ұшан-теңіз. АЭС жанында өмір сүретін адамдардың арасында лейкемия (ақ қан, рак) ауруы жиі кездеседі деген түсінік бар. Алайда ол ғалымдар тарапынан еш дәлелденбеген тұжырым саналғандықтан, оны жалған аңыз деп айтуға толық негіз бар. Бұл аурумен Жердің кез келген нүктелерінде адамдар шамамен бірдей деңгейде ауырады. Ол АЭС-тің жаны болсын, табиғаты сұлу аймақ болсын статистика бойынша бәрі бірдей. Бәрінен бұрын адамдарды атом электр станцияларынан бөлініп шығып, "қоршаған ортаға үлкен залал келтіретін газдың мөлшері" толғандырады. Алайда соңғы есептеулер бойынша, АЭС-тен бөлінетін газ күн және гидроэнергиямен салыстырғанда әлдеқайда аз көрінеді. Сондай-ақ бәзбіреулер радиоактивті қалдықтарды "көметін жердің болмауын" ойлап, түршігеді. Шындығына келгенде, АЭС-тен шығатын қалдық мөлшері өте аз және оны сақтайтын қоймалар тек 20-40 жылда ғана толығып отырады.
Балалық шақ - ұмытылмас бал күндер. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады.
Балалық шақ туралы шығармаға бала күніңіздің естеліктерін, сол кездегі арман-тілектеріңізді, қиял әлемінің көрінісін жазуыңызға болады. Басыңыздан өткен небір оқиғаның өзі шығармаға арқау болуға жетіп артылады. Себебі, бала өмірінің әр парағы қызыққа толы. Оған қоса, ата-анаңыздың қамқорлығы, жақындарыңыздың мейірімі, ата-әженің жүрегі елжірей еркелетіп, берген тәрбиесі де тілге тиек етуге тұрарлық зор дүние.
Балалық қиялға не жетсін, шіркін! Бала күніңіздегі қаһарманыңыз, небір қиял-ғажайып оқиғалар, құбылыстар, барлығы да балғын шақтың тәтті күндеріне тән. Олар шығармаңыздан көрініс беріп жатса, кімге де болсын бала шағын еске түсіріп, тұла бойын ерекше сезім, сарқылмас саыныш кернейтіні анық.