В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Marchendro77
Marchendro77
27.03.2023 00:22 •  Қазақ тiлi

Кейінгі темір дәуірі қай ғасырлардың аралығын қалтиды​

Показать ответ
Ответ:
flint4040p070t0
flint4040p070t0
12.01.2021 09:40

Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Gdyxtk
Gdyxtk
12.01.2021 09:40

Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.

A.

Темір дәуірінен қалған ескерткіш.

A.

Темірден жасалған бұйым.

Ерте Темір дәуірінде суғармалы егіншілікке негізделген көне шығыстық өркениет елдерінде (Месопотамия, Алдыңғы Азия, Кіші Азия, Үндіқытай, Солтүстік Африка, тағы басқа) мемлекеттік жүйе мен саяси институттардың нығаю үдерістері жедел қарқынмен дамыды. Еуропада Рим, Грек өркениеттері қалыптасып, латен, гальштат сияқты аса көрнекті мәдениеттер гүлденді. Мал шаруашылығының жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикасының дамуының нәтижесі болып табылады. Қазақстан аумағында шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, Беғазы-Дәндібай заманында қаланды.

A.

Темір дәуірінен қалған мата.

Ерте Темір дәуірі басталысымен, Еуразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптасты. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкелді. Үлкен «патшалық» обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер сияқты өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар бірге жерленген күрделі құрылымды ірі обалар тұрғызылды. Жалпы алғанда, далалық белдеуде ерте Темір дәуірінің соңына қарай қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық үдерістердің барысы, саяси оқиғалар мен ағымдардың тоғысы біздің заманымыз 1-мыңжылдығының 2-жартысына қарай Түркі әлемінің түбегейлі тарих сахнасына шығуына алып келді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота