Кейіпкерді зерттеу» «Кенжетай» және «Биге шықты дөңгелеп» бөлімдерінен үзінділері бойынша.
шығарма кейіпкерлерін тану, тапсырмаларымен жұмыс жасайды (Имантай, Әлима, Овсянников, Әбікей, Николай Ермилович, Нұрым, Қаныш, т.б.).
1.. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі,
2. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
3.. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;
4. Кейіпкер бойындағы ізгі қасиеттер тізбесін жасау.
Менің қалам
Менің қалам Мен Ақтөбе қаласында тұрамын. Бұл менің сүйікті қалам. Мен осы өлкеде туып өстім. Осы қаламда көптеген достарым бар. Ақтөбе қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Ескерткіш жанында көптеген үлкен шаралар өткізіліп тұрады. Мереке күндері адамдар көптеп жиналады. Сонымен бірге қаламызда саябақтар көп. Балалар саябақта велосипедтер мен скейтбордтар теуіп ойнайды. Біздің қаланың көшелері кең,үлкен. Үлкен көшелерде субұрқақтар орналасқан. Қаламыздың әдемі болуы үшін көп ағаштар, гүлдер отырғызылған. Өзімнің қалам туралы мына өлеңді арнаймын. Менің қалам – Ақтөбе Тамсанады бәріде Жайнай берді гүлдене Табиғаты ерекше Менің қаламның болашағы қандай жарқын болса, біздің болашағымыз да жақсы болады. Көркейе бер, Ақтөбем!
Астана - арман қала.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.