Кластер қазақстанда құралай нұрқаділова, берік ысмайылов, айгүл қасымова, аида қауменова, камила құрбани, мая қуандықова және т. б. заманауи сәнгерлер киім кию үлгісін жасайды. олар қазақстандағы сән өнерінің зор үлес қосты. түрлі сәндік үлгілердегі киімдерді ойлап тауып, халыққа ұсынды. бұл сәнгерлердің қолынан шыққан сәнді киімдерді көбінесе сахнада жүрген өнер киеді. сәнгерлер өнер ң сұранысы бойынша арнайы киім үлгілерін дайындайды. қазір сәнді киімдерді тігумен айналысатын аттары елімізге танымал «сымбат», «ерке-нұр», «фортуна», «сара», «нұр әсем», «роза», «дэва» сияқты сән ательелері бар. «сымбат» сән академиясы 1947 жылы тігін зертханасы болып құрылған. қазір әлемге танымал холдингке айналды. 1972 жылы қазақстан мамандарының сән үлгілері алғаш рет шетелге шығарылды. шетелдегі сән майталмандарының сынынан өтті. 1988 жылы «сымбат» сән үйі «золотая лента» бас жүлдесіне ие болды. ол қазақстандағы «must industries» (ақш нью-йорк) секілді танымал компаниялар үшін аты әлемге әйгілі «chico's», «white and black», «victoria secrets» атты сауда маркаларымен киім үлгілерінің айрықша дизайнін жасап шығарады. компанияның топтамалары халықаралық подиумдарда жылына екі рет көрсетіліп тұрады. 1987 жылы «сымбат» сән театрының қаланды. сән театры көптеген шетелдік сән жәрмеңкелеріне қатысқан. «сымбат» сән театры қазақстанның атынан 30-дан астам елде өз топтамаларын көрсетіп келеді. франции, , италия, канада, корей республикасы, ресей және т. б. елдерде танылды. онда қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен мәдениеті негізге алынып, ою-өрнекпен өрнектелген 700-ге жуық киім үлгісі жинақталған. «сымбат» сән журналы 1958 жылдан бастап жарық көре бастады. бүгінгі таңда мұндай сән журналдарының саны көбейді. олар: «burda»", «сәулелі сән» (қыз- келіншектерге арналған мұсылмандық сән журналы). «ерке-нұр» компаниясының жанынан 2007 жылдан бері «ерке-нұр» атты қыз-келіншектерге арналған әдеби- танымдық сән журналы шығып келеді. («қазақстан» энциклопедиясынан)
Музыка адам жанын тебірентетін, ерекше күй кештіретін, көңіл-күй сыйлайтын өзге әлем. Ол тап бір жәннат секілді. Өте әдемі әрі әуезді. Ол әлемге барғанда сен мол бақытқа кенелесің, өмірді басқалай сезінесің, дүниені басқа қырынан танисың . Бұл оқиғадан сен ерекше әсер аласың. Әдетте музыканы көңілдің кілті деп атайды. Себебі, музыка тыңдаған адамның көңілі лезде көтеріліп, өзін сабырға шақыра бастайды. Музыканың ерекшелігі сондай, ол кез-келген адамның жан-дүниесін, ішкі сұлулығын, жүрегін сезінуге көмектеседі. Ол арқылы біз адамның жүрегіндегі жылулықты, мейірімділікті сезіне аламыз. Музыка- осы әлемдегі ең құдіретті, қасиетті ұғым. Біз оны құдіреттеу арқылы бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіре аламыз.
Біз музыканы орындаушы арқылы сезінеміз. Орындаушының шеберлігі оның табиғилығы арқылы музыка әуезделе береді. Солай ол тыңдаушылардың жүрегіне жол табады. Ал қазір сол көрерменнің ұнататын әншілері Майра Ілиясова, Бибігүл Төлегенова, Мақпал Жүнісова. Олар музыканың қасиеттілігін, киелілігін білетін жандар. Сахнаның жайнаған гүлдері десек те болады. Міне, музыканы солай бағалап, қастерлеу қажет. Музыка атты ерекше әлемді кірлетіп жатқан әншілерді шоу-бизнестен қуу керек. Олардың орнына дәстүрлі әндер орындайтын әншілерді қастерлеп, мемлекеттен ақша бөліп, солардың дамуына үлес қосуымыз керек. Сонда ғана ежелгі музыка қалпына келіп, еліміздің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Негізінен, біз бұл жаман қылықтың бәрін шетелдіктерден үйреніп келе жатырмыз. Олар не істесе біз соны істейміз. Олар шашын бояса, бізде бояп аламыз. Сырға тақса, бізде тағып аламыз. –Біз емес шетел бізге еліктейтіндей халық болуымыз керек. Музыка қазақ халқының ежелден келе жатқан салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы. Егер оны дәріптемейтін болсақ, біз қазақ емеспіз.
Музыка мен үшін бағасы зор нәрсе. Мен өскенде осы музыка әлеміне өзімнің еңбегімді сіңіргім келеді. Егер сол арманым еліме де пайдасын тигізсе, мен өте қатты қуанатын едім. Бұл мен үшін үлкен жетістік болатын еді.
Музыканы мен адамға теңеймін. Оның да ішкі жан-дүниесі, ішкі сұлулығы, жүрегі, сезімталдығы бар. Оның мұңлы, қуанышты қалыптары бар. Көзден жас ағызып, қуантатын да сәттері бар. Ол музыканың табиғатына қарай болатын құбылыс. Негізінен, музыка сабырлылықты, көп еңбекті қажет ететін ғылым. Ол жолда бірден жетістікке жету мүмкін емес. Ол үшін арнайы курстарға барып, көп дайындалу қажет. Ең бастысы, музыканы өз еркіңмен қалап, оны жүрегіңмен сезіне білу. Музыка тыңдағанда да басты қағида осы. Сен оны есту арқылы бойыңды сергітіп, барлығын ұмытып, өзіңді жөнге келтіре аласың. Негізінен, музыка барлық жерде кездеседі. Түрлі мереке, мейрамдар музыкасыз өтпейтіні анық. Әсіресе, той-томалақ, ойын-сауық музыкасыз өтпейді. Сол сәттерде үлкен кісілердің өзі кішкентай балалар секілді көңіл көтереді. Өмірдің барлық қиындықтарын, мазалаған ойлардан бір сәт арылып, шалқып-тасығаннан артық бақыт бар ма? Ол арқылы сен миыңды жаттықтырып үлкен бір серпіліс жасайсың.
Музыка- құпияға толы ғылым. Музыканың ашылмаған сырлары өте көп. Қайдан бастау алып, қалай дамып, қалай өркендеп, қалай аяқталатынын да ешкім білмейді. Алайда, ән өнері еліміздің сарқылмас қазынасы. Оны сезіне білу әр адамның өз қасиеттеріне байланысты. Оның қиын да, қызық оқиғаларын, әсерлі де, сабырлы сәттерін, бәрін, бәрін сезіну сенің бойыңдағы асыл қасиеттерге байланысты. Ал жақсы қасиеттер сенің жүрегіңнен шығады. Әрбір адам музыканы әрқалай сезінеді. Біреуі ақылымен сезінсе, енді біреуі оны жанымен сезінеді. Бірақ, ең бастысы музыка жүректен шығып, жүрекке жетуі керек. Себебі, музыкасыз өмірдің мәні жоқ. Музыкасыз өмір сүреңсіз әрі қызықсыз болып кетеді. Сондықтан да мен өз өмірімді музыкаға арнағым келеді. Өскенде Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова апаларымыз секілді бұлбұл дауысты әнші болып, Қазақстанды әлемге танытсам, елімізді дамыған отыз елдің қатарына қосуға кішкентай болсын үлесімді қоса алсам, менің арманым жоқ болар еді. Музыканы дамыту біздің мына жас ұрпақтың қолында. Біз ол мүмкіндікті мағынасыз әндерге емес, қазақи, халық әндері жолында жұмсаумыз қажет. Сонда ғана қазақ елі аяққа тұрып, берік әрі берекелі мемлекетке айналатын еді. Музыка бұл менің өмірімнің мәні. Мен оны ажырамас тірегіме, арқа сүйеріме айналдырғым келеді. Ал қазір мен музыканы бар жүрегіммен сезінуге талпынып жүрмін. Егер сен оны жүрегіңмен тыңдасаң, барлығын сезіне аласың. «О, Муза, Муза» деп жырлаған Мұқағали да музыканың киелілігін білген. Ол әнші болмаса да ақын болып музыкаға өз өнерін қосты. Музыка әр адамға талант, шабыт сыйлайды.Иә, қазір дарынды әншілер бар. Алайда, жақсы топтар өте аз. Тіпті екеу десек те болады. Олар Нұр Мұқасан және Дос Мұқасан топтары. Олардың әндері өте мағыналы әрі әуезді. Бірақ ол топтарды халық Ninety one атты топпен алмастырды. Олар халықтың бұзылуына әсер етті. Әдемі музыканың бұзылуына әсер етті. Әрине бұл өте жаман. Сондықтан, біз түзелуіміз қажет. Жүрекпен сезінетін музыка қайда? Қайда? Біз әрқашан музыканы жүрекпен сезінуіміз керек. Себебі, қандай заман, қандай ғасыр болмасын музыка-жүрек тілі!
Объяснение:
Менің елім – Қазақстан. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейінгі 9-орынды алады. Қазақстанның табиғаты әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Климаты-барынша континентальді. Қазақ жері ұлан-байтақ, таңқаларлық әдемі жер. Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл - сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар. Қазақстанның байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. Елімізде мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және тағы басқа да байлықтар жеткілікті. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұр. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады. Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.
Қазақстан - дәнді дақылдар (негізінен астық), азық-түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі - мал шаруашылығы. Ол жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Қазақ елі өз мәдениетін дамытқан ел. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», – деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Қазақстан ғылымы да әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі ғылымдарды түбегейлі зерттеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді.