Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. «Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
«Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту идеясының пайда болуы мен қалыптасуының теориялық негіздері зерделеніп, сөйлеу дағдысының маңызыдылығына түсінік берілді. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысының дамуының деңгейлері мен көрсеткіштері анықталды. Компьютерлік технологияның маңызы ашылып, оның оқу үдерісін жетілдірудегі методикалық мүмкіндіктері анықталды. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың басты педагогикалық шарттары ғылыми негізделіп, ағылшын тіді пәні бойынша мектептерде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен сөйлеу дағдыларын дамытуға болатындығы туралы баяндалған. «Зерттеу әдістемесі мен жұмыстың сипаты» атты екінші бөлімде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуғ бағытталған компьютерлік технологияның мүмкіндіктері анықталды. Компьютерлік технологияны қолдану арқылы тапсырмаларды орындау оқушыларға телекоммуникациялық қарым-қатынас арқылы шынайы тілдік ортаға енуге мүмкіндік беретіндігін, электронды, дидактикалық жəне анықтамалық материалдарға, өзекті түпнұсқа ақпараттарға қол жеткізу жолын ашатыдығын, оқушылардың əлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер пайда болатындығын экперименттік жұмыста көрсетілді. Заман ағымына қарай күнделікгі сабаққа компьютер арқылы бейне, аудио-мәтін, фильмдерден үзінді көру айтарлықтай нəтижелер беруде. Сабақта компьютерлік технологияны пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне, сөйлеу дағдысын дамытуға жағдай жасайтындығы экперименттік жұмыстардың нәтижелері мен қорытындыларында баяндалды.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.