Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Байырғы түркі өнері - 6-8 ғасырлардағы көшпелі түркі тайпалар жасаған мәдениет қазыналары. Бұл — мәдениеттің, ой-сананың есейіп, Орхон жазулары шыққан кез. Осы тұста өркендеген өнер қалдықтарының көп кездесетін жері — Орта Азия, Қазақстан, Алтай, Оңтүстік Сібір, Моңғолия, Қашғария. Бұл өнердің үлгілері ескі қалалардын орнында (Қара-Қорым, Дунхуан, Бесбалық, Талас, Сайрам, Бөріжар, Пәнжікент, т.б.), сол кезде тұрғызған қабірлер мен ескерткіштерде сақталған. Оның ең жарқын түрлерінің көп табылған жерлері - Орхон өзенінін бойы, Алтай тауының қойнауында тұрған Қотанды, Қурай, Тұяқты, Күдергі, Ертіс обалары, Іле өзендері бойындағы қорымдар. Оларды қазғанда Байырғы түрік өнері сипаттайтын әр алуан өрнектер кездескен.
Объяснение: