Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.
Балалық шақ – адам өмірінің ең бақытты кезеңі. Әттең, мұны барлығымыз да кеш түсініп, тезірек оқуды бітіріп, үлкен өмірге қадам басуға асығамыз. Біздің эмоцияларымызды ескеріп, көңілімізге қарайтын ата-анамыз, туған-туысқандарымыз бар кезде ешнәрседен қорықпаймыз. Өкінішке орай, балалық шақ әйтеуір аяталады.
Балалық шақ ЖОО-на тапсырып, қоғамның талаптарына сай болуы керек екенімізді түсінген кезде аяқталады. ЖОО-да оқу керек, армияда сержанттың, жұмыста басшының айтқандарын орындап, отбасылық өмірде жарымыздың қалауымен санасып, ал дүниеге бала келген кезде осы ерекше жаратылыстың тілегін жүзеге асыруға тиіспіз. Аталған ситуацияларда бала күнімізде қалыптасып қалған эмоциялар ешкімге әсер етпейді. Ал оны көрсету арқылы өзімізге жамандық жасаймыз. Университетте ұстазымызға қоймадың, бастығымызға жоғары жалақы төлемедің, әріптестерге менің айтқанымды орындай қоймадың деп ренжу бекер. Сізге жанашырлық танытып, назыңызды тыңдайтын адам табылар, алайда жанжал шығарушылардың бірі деп жұмыстан шығарып жіберулері де ғажап емес.
Десе де бала күніміздегідей эмоциялар ойынын ойнап, біздің ырқымызға көнетін достарды табу мүмкіндігіміз бар. Өмір қатал болса да, біздің жанымыз бен жүрегімізді түсінетін адамдар міндетті түрде табылады. Біздің жақын адамдарымыз бен достарымыз – балалық шаққа бір минут болсын қайта оралуға мүмкіндік беретін жандар.
Қазақстанның көрікті жерлері.

Ақпарат дереккөзі